Экономикалық зерттеулер институтында е3.kz моделін пайдалана отырып климаттың өзгеруінің әсерін макроэкономикалық бағалау бойынша тренинг өтті

14.11.2025

2025 жылғы 10-14 қараша аралығында Экономикалық зерттеулер институтында «е3.kz моделін пайдалана отырып, климаттың өзгеруінің әсерін және оған және бейімделу шараларын макроэкономикалық бағалау» тақырыбында практикалық тренинг өтті. Іс-шара Германия халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамның (GIZ) қолдауымен ұйымдастырылды.

е3.kz моделі - Институт Қазақстанда климаттың өзгеруінің макроэкономикалық салдарын талдау үшін әзірлеген бірегей ұлттық талдау құралы. Ол климаттың өзгеруіне байланысты экономикалық тәуекелдерді бағалауға, әртүрлі сценарийлерді модельдеуге және бейімделу шараларының тиімділігін есептеуге мүмкіндік береді.


Халықаралық сарапшылар және мазмұнды бағдарлама

Тренингті өткізу үшін Германиядан халықаралық кеңесшілердоктор Анетт Гроссманн, доктор Луиза Мергнер (Гримм), сондай-ақ Экономикалық құрылымдарды зерттеу институтының (GWS) өкілі Фрэнк Хохманн шақырылды.

Тренингке Институттың 40-қа жуық қызметкері мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бағдарлама теория мен практика арасында теігерімді қамтамасыз ететіндей құрылған:

  • алғашқы екі күн е3.kz моделіне кіріспе түрінде өтті, оның құрылымымен, жұмыс логикасымен және сценарийлік талдау негіздерімен танысу өткізілді;

  • одан кейінгі үш күн климаттың өзгеруінің экономикалық әсерін модельдеуді, бейімделу шараларының тиімділігін бағалауды, ұлттан тыс модельдеу мүмкіндіктерін зерттеуді және практикалық интерактивті жаттығулар сериясын қамтыды.

Қатысушылар модельдің жаңартылған нұсқасымен жұмыс істеп, сценарийлерді құру және климаттық тәуекелдерді талдау дағдыларын жетілдірді.

Тренинг қорытындылары және әрі қарайғы жұмыс 

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқудан өткенін растайтын сертификаттар табыс етіледі.

Экономикалық зерттеулер институты елдің орнықты даму және климаттық саясат саласындағы сараптамалық әлеуетін нығайта отырып, климаттық және экономикалық процестерді бағалау саласындағы ұлттық талдамалық құралдарды жүйелі түрде дамытуды жалғастырады.



Қарау саны: 56
Сақталған: 17.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!