Қостанай облысының 2022-2024 жылғы бюджет шығындары

14.11.2025

Қостанай облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 421,2 млрд теңгеден 628,7 млрд теңгеге дейін 49,3%-ке өсті.

Барлық шығындар құрылымында үштен бір бөлігі білім беру шығындарына тиесілі – 2022-2024 жылдары орта есеппен 36,0%. Олар 2022 жылғы 153,2 млрд теңгеден 2024 жылы 223,0 млрд теңгеге дейін 45,6%-ке өсті. Білім беруді қаржыландырудың басымдығы осы саладағы көрсеткіштердің жақсаруына әсер етті. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2024 жылдың қорытындысы бойынша 92%-ке жетті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 2022-2024 жылғы барлық шығындардың орта есеппен 12,9%-не ие. Қарастырылып отырған кезеңде олар 2022 жылғы 46,6 млрд теңгеден 2024 жылы 91,8 млрд теңгеге дейін 2 есе ұлғайды.

Қостанай облысы бюджетінің барлық шығындарының орта есеппен 10,6%-ін қамтитын ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына жұмсалатын шығындар кейінгі 2 жылда айтарлықтай өзгерген жоқ: 2022 жылы 51,8 млрд теңгеден 2024 жылы 55,1 млрд теңгеге дейін 6,3%-ке өсті.

Қалған шығындар бағыттарының әрқайсысы Қостанай облысы бюджетінің барлық шығындарының 10%-нен аз көлеміне ие.

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары қорғаныс шығындары ең үлкен өсімді көрсетті. Олар 2022 жылғы 872,7 млн теңгеден (барлық шығындардың 0,2%) 2024 жылы 2,5 млрд теңгеге (барлық шығындардың 0,4%) дейін 2,9 есе өсті. Бұл осы саланы қаржыландыру басымдығының өсуін көрсетеді.



Қарау саны: 41
Сақталған: 17.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!