Қазақстан өңірлері туризм, өндіріс, инфрақұрылым мен АӨК салаларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Алматы.
2025
жылғы қаңтар - қыркүйек айларының
қорытындысы бойынша Алматының туристік
саласының негізгі капиталына инвестициялар
көлемі 113,2 млрд теңгеге жетіп, өткен
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
47,4%-ке ұлғайды. Бірінші жартыжылдықта
сектордың жалпы қосылған құны өткен
жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 559,3
млрд теңгеге жетті.
Қалада
12,6 мың нөмірі бар 377 орналастыру нысаны
жұмыс істейді. Жыл басынан бері туризм
индустриясының 34 жаңа нысаны іске
қосылды, оның ішінде 11 қонақ үй, глэмпинг,
капсулалық қонақ үй, 18 жатақхана және
үш демалыс орны. Сонымен қатар, қонақ
үй және туристік инфрақұрылым саласындағы
93 инвестициялық жобаға мониторинг
жүргізіліп жатыр.
Туризм
басқармасы инвестициялардың одан әрі
өсуі сектордың бәсекеге қабілеттілігін
нығайтуға, қызметтер спектрін кеңейтуге
және маусымаралық кезеңде объектілердің
жүктемесін арттыруға мүмкіндік беретінін
атап өтті. Басымдықтардың қатарында –
MICE-бағытты дамыту және шетелдік туристерге
қызмет көрсету сапасын арттыру.
Жетісу
облысы. Өңір
халықаралық ынтымақтастықты белсенді
түрде кеңейтеді: Сауд Арабиясы, Германия,
Бельгия, Чили, Қытай, Иордания және
Пәкістан инвесторлары өңірде өнеркәсіп,
АӨК, логистика және энергетика салаларында
жобаларды жүзеге асырып жатыр. 2025 жылдың
тоғыз айында 330,3 млрд теңге инвестиция
тартылды, оның ішінде өткен жылдың
деңгейінен үш есе көп 35 млрд теңге
тікелей шетелдік инвестициялар.
Облыстың
инвестициялық пулы жалпы құны 2,9 трлн
теңгеге 13 мың жұмыс орны құрылатын 110
жобаны қамтиды. Негізгі жобалар –
металлургия комбинатын, «Қорғас-Шығыс
қақпасы» АЭА аумағында жүк-жолаушылар
әуежайын, сондай-ақ Чили, Пәкістан және
ҚХР инвесторларының қатысуымен құрылыс
материалдарын өндіретін зауыттар мен
ұн тарту кешенін салу.
ЖЭК
секторы айтарлықтай әлеуетті көрсетеді:
өңірде қуаты 251 МВт-тан асатын 18 нысан
жұмыс істейді, оның ішінде биыл енгізілген
26 МВт-тық Қора СЭС. Қуаты 110 МВт жел
генераторлары мен күн станциясына
арналған жабдықтар зауытын салу бойынша
жобалар іске асырылады.
Облыстың
инвестициялық саясаты экспорттық
өндірістерді дамытуға және экономиканы
әртараптандыруға бағытталған. 2025 жылы
өңірде «Қайнар – АКБ» өнеркәсіптік
желісін іске қосуды және «Алмаз Керамикс»
зауытын кеңейтуді қоса алғанда, 50,6 млрд
теңгеге 25 жоба іске асырылып жатыр. Жыл
соңына дейін инвестиция көлемі 573 млрд
теңгеге жетеді, оның ішінде 430 млрд теңге
бюджеттен тыс қаражат.
Қарағанды
облысы. Облыста
инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту
және халықтың орталықтандырылған сумен
жабдықтауға қолжетімділігін кеңейту
жалғасады. 2025 жылы 61 ауылдың 4 мыңнан
астам тұрғыны таза ауыз суға қол
жеткізеді. Өңірде сумен қамтамасыз ету
деңгейі 98,7%-ке, ал қалаларда 99,4%-ке жетті.
Жыл соңына дейін суға қол жеткізу
мәселесін толығымен шешу жоспарланып
отыр.
Коммуналдық
инфрақұрылым да жаңартылып жатыр: 148 км
су құбыры желілері мен 44 км кәріз желілері
қайта жаңартылып, үш қазандық жаңғыртылды
және 22 км жылу желілері ауыстырылды.
Арнайы мемлекеттік қор қаражатына су
құбырларын салу бойынша тоғыз жоба іске
асырылып жатыр.
Газдандыру
– негізгі бағыттардың бірі. Газ тарату
желілері Қарағанды, Теміртау және
Шахтинск қалаларында 9,5 мың үйге
жеткізілді, олардың 5771-і қосылған. Жыл
соңына дейін тағы 3 мың үй газға қосылады.
Әлеуметтік осал отбасылар үшін атаулы
көмек қарастырылған, қалған тұрғындар
ТКШ жаңғырту орталығы арқылы пайызсыз
несиелеуді пайдалана алады.
Түркістан
облысы. Өңірде
жұмыс орындарын құру және қайта өңдеу
өндірістерін кеңейту бойынша белсенді
жұмыс жалғасып жатыр. «Сарыағаш құс»
кәсіпорнында жұмыртқа өндіру үшін 96
мың бас құс өсіріледі. 2025 жылы неміс
жабдықтарымен 50 мың басқа арналған
қосымша құс фабрикасы және «Ауыл аманаты»
бағдарламасы бойынша жеңілдікті несие
есебінен салынған құрама жем цехы іске
қосылды.
Сарыағаш
ауданының индустриялық аймағында құны
800 млн теңгеге «Альбарака 077» ЖШС өсімдік
майын өндіру цехының құрылысы жүргізіліп
жатыр. Жоба 20 тұрақты жұмыс орнын құруды
көздейді; алаңда негізгі құрылыс
жұмыстары аяқталды.
Өңірлік
билік қайта өңдеуді кеңейту, құс
шаруашылығын дамыту және өнеркәсіптік
нысандарды іске қосу жұмыспен қамтуды
нығайтуға және жергілікті экономиканың
тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік
беретінін атап өтті.
Ақмола
облысы. Жыл
басынан бері облыс 660 млрд теңгеден
астам инвестиция тартты, бұл өткен
жылмен салыстырғанда 250 млрд теңгеге
артық көрсеткіш. Негізгі құрал – 1 трлн
теңгеден астам инвестициялық портфель
қалыптастырылатын, 4 мыңнан астам жұмыс
орны құрылатын республикалық «Ақмола»
ИА қоса алғанда, индустриялық аймақтар.
Құны
1,8 млрд. долларға алғашқы астықты терең
өңдеу зауытының құрылысы басталды. Оның
қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін астық
өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар
клинкер өнімдерін, әрлеу кірпіші,
пестицидтер мен тыңайтқыштарды шығару
бойынша жобалар дайындалып жатыр.
Осы
жылдың қазан айында инвестиция көлемі
1,5 млрд доллар және 1000 тұрақты жұмыс
орны құрылатын екінші ірі астық өңдеу
алаңын салу туралы стратегиялық келісімге
қол қойылды. Сонымен қатар, өңірде бидай
өңдеу, жемшөп өндіру, элеватор мен құрама
жем зауытын салу, сондай-ақ асыл тұқымды
репродуктор құру бойынша жобаларды
іске қосу жоспарланып отыр.
Қостанай
облысы. Өңір
қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің
қатарына кіреді: өткен жылы экономика
8,3%-ке өсті және осы жылы 7%-тен асады. Үш
жыл ішінде 3,8 млрд доллар инвестиция,
оның ішінде 1,5 млрд доллар тікелей
шетелдік инвестиция тартылды. Ірі
жобалардың ішінде – KamLitKZ зауыты, жетекші
көпірлер өндірісі, сондай-ақ 2025 жылы
ашылған, 1500 жұмыс орны құрылған KIA толық
циклді автозауыты.
Өңір
ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларды
жүзеге асырады. Еліміздің үшінші
халықаралық портына айналатын қуаты
жылына 400 мың контейнер (11 млн тонна) ірі
көліктік-логистикалық кешен салынып
жатыр. Жалпы құны 4 млрд доллардан асатын
тау-кен және агроөнеркәсіптік салалардағы
жобалар белсенді дамып жатыр.
Инженерлік
және техникалық кадрларды даярлауға
ерекше назар аударылады. Қос дипломды
білім беру бағдарламалары іске қосылды,
машина жасау және IT-технологиялар жоғары
мектептері ашылды. Жаңа өндіріс
қызметкерлерінің 60%-тен астамы-35 жасқа
дейінгі мамандар. Жастарға «Қостанай
жастары» жеңілдікті ипотека бағдарламасы
арқылы қолдау көрсетіледі.
Алматы
облысы. Алматы
мен Шымкент арасындағы магистральдың
соңғы элементі – ұзындығы 42 км «Ұзынағаш
– Отар» автожолының қайта жаңартылған
учаскесі ашылды. Енді маршрут толық 4
жолақты автожол ретінде пайдаланылады.
2025 жылы
елімізде жол жұмыстарының көлемі бойынша
рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді
– 13 мың км тас жолы жөнделді және қайта
жаңартылды. Жаңа учаске жеделдетілген
мерзімде салынды: негізгі жұмыстар тек
өткен жылы басталып, екі жылдан аз уақыт
ішінде аяқталды. Жобаға 290 маман, 163
техника және төрт жол-құрылыс басқармасы
жұмылдырылды.
Жобаны
іске асыруға елеулі үлес қосқан сала
қызметкерлеріне ведомстволық наградалар
мен алғыс хаттар табыс етілді. Жаңа
учаске маршруттың өткізу қабілетін
арттырады, жол жүру уақытын қысқартады
және қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады.
Алматы-Шымкент жолын жаңартудың толық
аяқталуы өңірлердің көлік байланыстарын
нығайтады және Қазақстанның Орталық
Азиядағы транзиттік әлеуетін арттырады.
Абай
облысы. Көрсеткіштер
барлық негізгі салалар бойынша
экономиканың өсуін көрсетеді: көлік –
123,4%, байланыс – 106,4%, өңдеу өнеркәсібі
– 101,3%, ішкі сауда – 105,9%, ауыл шаруашылығы
– 102,8%. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек
айларында 160 мың шаршы метрге жуық тұрғын
үй пайдалануға берілді, бюджет кірісі
441,4 млрд теңгеге дейін өсті, бұл өткен
жылмен салыстырғанда 137%-ке артық.
Инвестиция
көлемі 3,5 трлн теңгеге дейін, іске
асырылатын жобалар саны 97-ге дейін өсті.
Әкім шетелдік инвесторлармен 100-ден
астам кездесу өткізді, «Үлкен Алтай»
конференциясы аясында 1,5 млрд доллар
сомасына 15 меморандумға қол қойылды.
Ірі жобалардың ішінде – Жаңасемей
ауданында қуаты 11,4 мың тонна ет комбинатын
салу, оны іске қосу 2026 жылдың тамызына
жоспарланған.
Жылумен
жабдықтау мен су инфрақұрылымын
жаңғыртуға ерекше назар аударылды.
Семейде 12 жылу көзі жаңғыртылып, 13,6 км
желі ауыстырылды; Аягөзде қуаты 10
Гкал/сағ үш жаңа қазандық орнатылды.
Осы жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз
ету бойынша 33 жоба іске асырылады,
жолдарды жөндеуге 21,4 млрд теңге бөлінді.
Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір мен
өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтетін
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің
құрылысы жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік
инфрақұрылым дамып жатыр: «Келешек
мектептері» ұлттық жобасы аясында төрт
мектеп ашылды, 62 МСАК нысаны іске қосылды,
Қожағелді және Аққала ауылдарында жаңа
медициналық пункттер салынды. Алакөлдің
туристік аймағын дамыту және Абайдың
180 жылдығына орай қоғамдық жобаларды
іске асыру жалғасып жатыр.
Қарағанды
облысы. Инновациялар
өнеркәсіптік дамудың негізгі драйверлерінің
біріне айналып, өңірдің инновациялық
өнімдерінің үлесі жалпыұлттық экспорттың
төрттен бірін құрайды.
Облыста
ғылыми-өндірістік өзара іс-қимылды
кеңейту үшін технологияларды
коммерцияландыру инфрақұрылымы,
бизнес-инкубаторлар және кәсіпорындарды
қолдау тетіктері дамып жатыр. Осы жылдың
қазан айында тау-кен, көмір-химия,
экологиялық және басқа да салаларға
қолданбалы әзірлемелерді енгізуге
бағытталған «Картех» өңірлік хабы
жұмысын бастады. Орталық технологиялық
зертханаларға қол жетімділікті қамтамасыз
етеді және жас зерттеушілердің жаңа
жобаларын қолдайды.
Облыс
инвестициялық базаны да нығайтады: осы
жылдың 10 айында негізгі капиталға
салынған инвестициялар 4%-ке өсті, 20
мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 120
инвестициялық жобадан тұратын пул
қалыптастырылады. Инвесторлар үшін
«Сарыарқа» АЭА, «Saran» индустриялық
аймағы және шағын өнеркәсіптік аймақтар
жұмыс істейді. Инвесторларға қызмет
көрсету орталығы «бір терезе» қағидаты
бойынша жобаларды сүйемелдеуді және
туындайтын мәселелерді жедел шешуді
қамтамасыз етеді.
Түркістан
облысы. Облыста
24 мыңға жуық жұмыс орнын құру әлеуетімен
111 жобаны қамтитын 2025 - 2028 жылдарға
арналған ірі инвестициялық портфель
қалыптастырылады.
Осы жылы
58 жобаны іске асыру басталды, оның 34-і
іске қосылып, 4 889 адамды жұмыспен
қамтамасыз етті. Осы жылдың 9 айының
қорытындысы бойынша негізгі капиталға
салынған инвестициялар көлемі өткен
жылдың нәтижелерінен 15,9%-ке артып, 1,12
трлн теңгеге жетті. Тікелей шетелдік
инвестицияларды тарту да тұрақты өсуді
көрсетеді: екінші тоқсанда көрсеткіш
жылдық жоспардан асып, 543,5 млн теңгені
құрады.
Жыл
басынан бері шетелдік компаниялармен
90-нан астам кездесу өткізіліп, Қытай,
Иран және Өзбекстанға сапарлар
ұйымдастырылды. Келіссөздер қорытындысы
бойынша химия өнеркәсібі, құрылыс
материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы
және тамақ өнеркәсібі салаларында,
соның ішінде белсенді қоспалар, кеңсе
қағазы, сэндвич-панельдер, еден жабындары,
құрама жемшөп және өсімдік майы
салаларында жобаларды іске қосу
жоспарланып отыр.