Қызылорда облысының 2022-2024 жылғы бюджет шығындары

20.11.2025

Қызылорда облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 415,5 млрд теңгеден 707,6 млрд теңгеге дейін 70,3%-ке ұлғайды.

Қызылорда облысының бюджеті білім беру саласына жоғары шоғырланған құрылыммен сипатталады. 2022-2024 жылдары білім беру шығындарына барлық шығындардың орта есеппен 47,8%-і тиесілі. Осы кезеңде олар 2022 жылғы 216,9 млрд теңгеден 2024 жылы 306,3 млрд теңгеге дейін 41,2%-ке өсті. Осы саланы басым қаржыландыру білім беру көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 92,6%-ке, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ке жетті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары барлық шығындардың орташа үлесіне ие – 2022-2024 жылдары орта есеппен 11,9%. Қарастырылып отырған кезеңде олар 2022 жылғы 32,6 млрд теңгеден 2024 жылы 105,9 млрд теңгеге дейін 3,3 есе өсім көрсетті.

Шығындар бағыттарының қалған түрлері Қызылорда облысының барлық шығындарының орта есеппен 7%-нен аспайды.

2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі шығындар қарқынына жасалған талдау келесі бағыттар бойынша шығындардың едәуір өсуін көрсетеді:

  • өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі - 6,2 есе: 2022 жылғы 1,1 млрд теңгеден (барлық шығындардың 0,3%) 2024 жылы 6,7 млрд теңгеге дейін (барлық шығындардың 0,9%);

  • отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану-4,8 есе: 2022 жылы 7,4 млрд теңгеден (барлық шығындардың 1,8%) 2024 жылы 35,8 млрд теңгеге дейін (барлық шығындардың 5,1%).

Шығындардың мұндай даму қарқыны Қызылорда облысында инфрақұрылым мен энергетиканың дамуына назар аударылғанын көрсетеді.



Қарау саны: 86
Сақталған: 20.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!