ЭЗИ сарапшысы Анкарада Түркі академиясының 15 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

24.11.2025

Анкарада 18 қарашада Түркі академиясының 15 жылдығына арналған академиялық қауымдастықты, түркі елдерінің мемлекеттік құрылымдары мен халықаралық ұйымдары өкілдерінің басын қосқан мерейтойлық іс-шаралар өтті. Түркі мемлекеттері ұйымының (бұдан әрі - ТМҰ) 12-ші саммитінің Декларациясына сәйкес ұйымдастырылған бағдарлама шеңберінде Академияның тарих, археология, тіл білімі, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және мәдени мұра саласындағы іргелі зерттеулерді қамтитын көпжылдық ғылыми қызметінің негізгі нәтижелері ұсынылды.

Іс-шара Академияның кейінгі жылдары дайындаған ғылыми еңбектері мен монографияларын, институттың негізгі даму кезеңдерін көрсететін арнайы фотокөрме мен деректі бейнематериалдарды таныстырудан басталды. Түркі Академиясының президенті Шахин Мұстафаев өз сөзінде ұйымның 15 жылдық жолының символдық сипаты және оның түркі әлемінің жетекші ғылыми орталығы ретіндегі рөліне ерекше назар аударды. Маңызды жетістіктердің қатарында 2024 жылы Ортақ түркі әліпбиін келісу, археологиялық зерттеулердің кең спектрін іске асыру, ғылыми желілер мен қауымдастықтарды қалыптастыру, сондай-ақ «Түркі елдерінің тарихы» жобасы сияқты ірі ұжымдық еңбектерді дайындау атап өтілді.

Мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының аға сарапшысы Гүлім Сман Түркі Академиясының жыл сайынғы талдамалық есептерін таныстыруға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Форум тұрақты дамудың негізгі бағыттары бойынша жобалардың нәтижелерін ұсынған түрлі түркі мемлекеттерінің авторлары мен зерттеу топтарын жинады.

Іс-шарада азық-түлік қауіпсіздігі, су ресурстарын басқару, көлік-энергетикалық байланыс, жастар саясаты, білім беру, ғылыми ынтымақтастық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл бойынша талдамалық материалдар көрсетілді. Түркі мемлекеттері арасындағы көліктік және энергетикалық байланысты нығайтуға арналған панельдік пікірталас барысында 2024 жылы жарияланған, дайындауға Институттың Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының өкілдері қатысқан «Түркі әлемі елдерімен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның көліктік және энергетикалық жүйелерін дамыту әлеуеті» атты бірлескен талдамалық жұмыс ұсынылды.

Осы сессия шеңберінде Гүлім Сман өңірдегі мемлекетаралық инфрақұрылымдық бастамаларды кеңейту үшін негіз қалыптастыратын ынтымақтастықтың өзекті үрдістері, құрылымдық сын-қатерлері мен перспективалық бағыттары туралы таныстырылыммен сөз сөйледі. Дөңгелек үстел аясында ұсынылған есептер түркі әлемін дамытудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастыру құралы ретінде Академияның талдамалық жұмысының маңызын атап өтті.

Форумға қатысу сараптамалық бағалаумен және өзекті деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, тәжірибеге бағдарланған ұсынымдарды әзірлеуге және өңір мемлекеттері арасында ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.



Қарау саны: 34
Сақталған: 26.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!