Ауылдық аумақтарды дамыту: түйінді нәтижелер және жаңа мүмкіндіктер

25.11.2025

Қазақстанда кейінгі жылдары ауылдық аумақтарды дамытуға, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және олардың табысының өсуіне жағдай жасауға көңіл бөлінді.


Іске асырылып жатқан шаралар мен жергілікті атқарушы органдардың белсенділігінің арқасында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты оң қарқыны байқалады.

Даму әлеуеті жоғары ауылдардағы халық саны 2019 жылғы 6,6 млн адамнан 2025 жылы 6,9 млн адамға дейін 320 мың адамға артты.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі де сенімді өсуді көрсетеді – 2019 жылғы 494,9 млрд теңгеден 2025 жылға қарай 737,9 млрд теңгеге дейін.

Бюджеттің IV деңгейін енгізу ауыл экономикасының дамуын айтарлықтай ынталандырып, ауыл әкімдерінің салық базасын кеңейтуге және кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға мүдделілігін күшейтті, өйткені ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігі салықтардың, алымдар мен төлемдердің сегіз түрінен (ЖТС; мүлікке, жерге және көлікке салынатын салықтар; сыртқы жарнама үшін төлемдер; БЖС; жер төлемдер және т.б.). Бизнес неғұрлым белсенді дамыса, ауылдық округтің қаржы базасы соғұрлым тұрақты болады.

Шаруа және фермер қожалықтарының саны 2019 жылғы 221,2 мыңнан 2025 жылы 271,3 мыңға дейін өскені айрықша.
Сонымен қатар, салық түсімдері де өсті: 2022 жыл – 6,4 млрд теңге; 2023 жыл – 10,1 млрд теңге; 2024 жыл – 14,6 млрд теңге.

Жалпы, 2018-2024 жылдар кезеңінде ауылдық округтердің бюджеттеріне 353,2 млрд теңге түсті, бұл ретте жыл сайынғы түсімдер 2018 жылғы 32,2 млрд теңгеден 2024 жылы 112,2 млрд теңгеге дейін 248,4%-ке ұлғайды.

Көрсеткіштер мыналарды растайды деп санаймыз: шағын және орта бизнесті дамыту, қызметтерді кеңейту үшін жағдай жасау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және бюджеттік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекет ауыл әкімдеріне жергілікті жерлерде мәселелерді одан әрі тиімді шешуге және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша өкілеттіктерді пысықтап жатыр. Мұндай шаралардың ішінде:

  • ауылдық округтердегі тұрмыстық және техникалық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін жұмыскерлерді жалдамалы жүйе бойынша (механизатор, дәнекерлеуші, сантехник, электрик, шатыршы, заңгер, бухгалтер және т. б.) ақы төлей отырып, еңбек шарты бойынша жалдау құқығын енгізу;

  • тұрғындар мен ШОБ субъектілеріне түрлі қызметтер көрсету үшін арнайы техника мен ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алуға мүмкіндік беру;

  • ауыл әкімі аппаратының функционалын кеңейту, оның ішінде:

    • көше саудасын мониторингтеу;

    • қоғамдық кеңістіктердің сыртқы безендірілуін бақылау;

    • балалар және спорт алаңдарының жай-күйін қадағалау;

    • ақылы қызмет көрсету (аумақтарды жинау, ұсақ жөндеу, техникаға қызмет көрсету және т.б.).

Алайда, ауылдық округ әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған ұсынылған жаңалықтармен қатар, шаруа және фермер қожалықтарының кооперациясын дамыту ерекше назар аударуды талап етеді.

Бұдан басқа, әкімдер ауыл тұрғындарының құқықтық, қаржылық және кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет. Консультациялық қолдау, қолданыстағы мемлекеттік көмек бағдарламаларын түсіндіретін мамандарды шақыру, ШОБ және агробизнесті қолдау шараларына оқыту ауылдық аумақтар халқының экономикалық белсенділікке тартылуын едәуір арттыруға және шаруашылықтарды тиімсіз басқару тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Кооперацияны кешенді қолдау және ауылдық округ тұрғындарының құзыреттілігін арттыру ШОБ-тың неғұрлым орнықты дамуын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді кеңейтуді қамтамасыз етеді және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейтеді.


Динара Мукушева

Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары



Қарау саны: 39
Сақталған: 26.11.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!