2025 жылғы қараша айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

02.12.2025

Қараша айында жылдық мәндегі тұтынушылық инфляция - 12,4%. Азық-түлік жыл ішінде 13,4%-ке ұлғайып негізгі өсім көрсетті.

2025 жылдың қараша айында елдегі инфляция:

  • өткен жылдың қараша айына қатысты 12,4% (өткен айда 12,6%)
  • осы жылдың қазан айына қатысты 0,8% (өткен айда 0,5%)

Жылдық мәнде:

  • азық-түлік бағасы 13,4%-ке (1,0%) өсті
  • азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,2%-ке (0,9%) өсті
  • ақылы қызметтердің бағасы 12,3%-ке (0,3%) қымбаттады


Инфляция қарқынына негізгі үлесті азық-түлік қосады – 43,2% (яғни, жалпы инфляцияның 12,4%-нен 5,36%-і азық-түлікке тиесілі). 2024 жылдың қараша айында азық-түлік үлесі жалпы инфляцияның 27,0%-не ие болды. Бұрын инфляцияға ақылы қызметтер үлкен үлес қосқан (2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың маусымына дейін).

Ақылы қызметтердің үлесі – 29,8%. 2024 жылғы қарашамен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 44,7%-тен 29,8%-ке дейін 14,8 п.т-ға азайды. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда ақылы қызметтердің үлесі 1,0 п. т. азайды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы қарашадағы 28,4%-тен 2025 жылғы қарашада 26,7%-ке дейін төмендеді.

ж / ж – өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда ағымдағы айда бағаның өзгеруі – жылдық инфляция.

Азық түлік ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:

  • ет және ет өнімдері – 21,7%
  • майлар мен тоң майлар – 16,4%
  • алкогольсіз сусындар – 15,7%
  • сүт өнімдері – 10,8%
  • жемістер мен көкөністер – 9,0%
  • қант – 6,4%
  • нан-тоқаш өнімдері мен жарма – 5,7%


Келесі тауарлардың бағасы төмендеген:

  • қызанақ – 8,1%
  • күріш – 6,9%
  • тәтті бұрыш – 1,2%


Азық-түлік емес тауарлар тобында ең қатты қымбаттаған тауарлар: бензин – 14,9%, аяқ киім – 11,2%, киім – 10,5%, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 8,0%, жуғыш заттар-5,5%.

Ақылы қызметтердің арасында келесі позициялардың бағасы жоғарылаған:

  • сұйытылған газ – 24,2%
  • су бұру – 21,6%
  • тұрғын үйді жалға алу – 15,9%
  • тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 14,0%
  • домофон – 13,2%
  • тұрғын үйді пайдалану үшін төлем – 10,8%
  • орталық жылыту – 10,2%
  • қоқыс шығару – 8,5%
  • электр энергиясы – 8,0%
  • қатты отын – 8,0%



Қарау саны: 69
Сақталған: 02.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!