Ex-post реттеу моделі
04.12.2025
![]() Реттеушілік актілерді ex-post бағалау – бұл реттеушілік саясаттың мақсаттары мен тиімділігіне қол жеткізуді анықтау мақсатында олардың нақты әсерін талдау. Реттеушілік актілер күшіне енгеннен кейін оларды тұрақты бағалау саясаткерлерге қабылданған актілердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін және оларды жақсарту және бейімдеу үшін қандай өзгерістер қажет болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. 2024 жылы ЭЫДҰ-ның Реттеушілік саясат комитеті заңнаманы ex-post бағалауды жүргізуді қоса алғанда, норма шығару мәселелеріне арналған «Реттеушілік саясаттың перспективалары 2025» есебін дайындады. Бұл зерттеу ЭЫДҰ елдеріндегі заңдардың да, заңға тәуелді актілердің де ex-post бағалауларының сапасын өлшеді және екі салада да ex-post бағалауын жақсартудың маңызды мүмкіндіктерін анықтады. Зерттеу әдіснамасы атқарушы билік бастамашылық еткен заңдар мен заңға тәуелді актілерді қамтитын мәліметтерге және шенеуніктердің сауалнамасына негізделген. Бұл зерттеуге ЭЫДҰ-ның 38 елі қатысты. Әдіснамаға сәйкес ex-post талдау жүргізу сапасын бағалау төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Талдау ЭЫДҰ-ға мүше елдердің үштен бір бөлігінде ex-post бағалауын жүргізу бойынша жүйелі талаптар бар екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері 0-ден 4-ке дейінгі шкала бойынша ЭЫДҰ елдері бойынша заңдарды ex-post бағалаудың орташа балы 2024 жылы небәрі 1,34-ті құрағанын көрсетті. Деректер бар 38 елдің тек 9-ы ғана 2 немесе одан жоғары балл жинады. Сонымен қатар, талдау ex-post бағалаудың барлық төрт аспектісінде елеулі кемшіліктер бар екенін анықтады: - әдіснама (2024 жылы 1 балдан ЭЫДҰ-ның орташа балы 0,36), - жүйелі енгізу (0,36), - ашықтық (0,37); - сапаны қадағалау және бақылау (0,25). Заңға тәуелді актілерді ex post бағалау бойынша орташа балл төмен және бар болғаны 1,33-ті құрады. ЭЫДҰ-ның 38 елінің тек 9-ы 4-тен 2 немесе одан жоғары балл жинады. Осылайша, көптеген елдерде заңдар үшін де, заңға тәуелді актілер үшін де ex-post бағалау нәтижелері бір-біріне ұқсас. Зерттеу сонымен қатар 2014 жылмен салыстырғанда шамалы ғана жақсарғанын атап өтті. Сонымен, ЭЫДҰ елдерінде сапаны қадағалау және бақылау, әдіснама және ашықтық үш өлшемнің әрқайсысы бойынша шамамен 0,12 балға орташа өсім байқалды. Елдер өзінің бағалауға талаптарын кеңейтпегендіктен жүйелі енгізу аз ғана жақсаруды көрсетті (+0,06 балл). Зерттеу барысында келесі мәселелер анықталды: - ex-post бағалаудың бір реттік сипаты; - ex-post бағалау жүргізу өлшемшарттарының болмауы. Мысалы, ЭЫДҰ-ның 38 елінің тек 11-і (28%) барлық заңдардың ex-post мерзімді бағалауын талап етеді. Бұл ретте 13 ел (34%) талаптарды тек кейбір заңдар үшін талап етсе, қалған 14ел (37%) мүлдем талап қоймайды. Осылайша, ЭЫДҰ елдерінде ex-post бағалау бойынша жүйелі тәсіл жоқ және бұл бағалаулар саяси негізделген басымдықтар негізінде немесе реттеуші органдардың жұмысындағы іркілістерге жауап ретінде таңдалуы мүмкін тәуекелдерді тудырады. Қазақстанда ex-post бағалау 2015 жылы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің қабылдануымен енгізілді. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау реттеушілік құрал енгізілгенге «дейін» және «кейін» жүргізілуі тиіс. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес ex-post бағалау жыл сайын жүргізілуі тиіс. Осылайша, Реттеушілік құралдарды және (немесе) алдағы жылға қойылатын талаптарды қайта қарау жоспарлары жыл сайын 20 желтоқсанға дейін қалыптастырылып, бекітіліп, мемлекеттік органдар өздерінің ресми интернет-ресурсында орналастыруға тиіс. Қазақстанда ex-post бағалауды іске асыру практикасын талдау барлық реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды ex-post бағалауды жүргізбейтінін анықтады. Осылайша, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарына шолу мемлекеттік органдардың жалпы санының 10%-тен аспайтыны алдағы жылға арналған қайта қарау жоспарларын өздерінің интернет-ресурстарында әзірлейтінін, бекітетінін және орналастыратынын көрсетті. А. Әсенова Сараптама орталығы директорының орынбасары
Қарау саны: 35 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|