Өңірлік саясатты жаңғырту: Астанада өңірлердің қатысуымен стратегиялық сессия өтті

04.12.2025

3 желтоқсанда Астанада Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасымен ұйымдастырылған «Өңірлік дамудың басым бағыттарын талқылау: басымдықтар, мүмкіндіктер, шешімдер» стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шараға Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарының мемлекеттік қызметшілері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, бизнес және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қатысушыларды Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаментінің директоры Нұрлан Мақсұтов және ҚР ҰЭМ Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Мақсұт Құрықбаев сәлемдесу сөзімен қарсы алды. Спикерлер өңірлік саясатты жаңғыртудың, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтудың және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жүйелі құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Сессияның модераторы – Қазақстандағы БҰҰДБ тиімді басқару департаментінің басшысы Айнұр Баймырза. Ол стратегиялық пікірталастың мақсаттарын белгілеп, жұмыс форматын ұсынды және мемлекеттік құрылымдар, сарапшылар мен өңірлік қоғамдастық өкілдері арасындағы тартылған диалогтың маңыздылығын айтты.

Экономикалық зерттеулер институты атынан іс-шара жұмысына Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлы, Орталық директорының орынбасары Динара Мұқышева, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Нұртуған Оралбаев қатысты.

Талқылау тақырыптық топтар форматында өтті. Қатысушылардың жұмысын стратегиялық және аумақтық жоспарлау, жоспарлы құжаттардың келісімділігі және фискалдық орталықсыздандыру құралдарын ілгерілету мәселелеріне бағыттай отырып, топтардың бірінің фасилитаторы Нұртұған Оралбаев сөз сөйледі. Қатысушылар өңірлік стандарттарды қолданудың және жергілікті жерлерде мамандардың құзыреттерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Басқа топтар ЖАО мен мәслихаттардың қызметін цифрландыруға, өкілді органдардың рөлін нығайтуға және азаматтармен кері байланыс тетіктерін жетілдіруге назар аударды. Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша объектілер мен қызметтер туралы ақпарат жинау процесін цифрлық жетілдіру және орталық мемлекеттік органдардың салалық дерекқорларын интеграциялауды қамтамасыз ету қажеттігі, сондай-ақ ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттілігі атап өтілді. Диалог барысында негізгі кедергілер анықталып, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдер ұсынылды.

Стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша өңірлік сәйкессіздіктерді қысқартуға, жергілікті өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар кешені қалыптастырылды. Алынған нәтижелер Қазақстанның тұрақты дамуын ілгерілетуде мемлекеттік органдардың, халықаралық әріптестер мен өңірлік командалардың одан әрі өзара іс-қимылының негізін құрайды.



Қарау саны: 45
Сақталған: 06.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!