Қазақстанның моноқалалары: демографиялық қарқын және көші-қон сын-тегеуріндері

05.12.2025

Моноқалалар – Қазақстанның урбанистік және өнеркәсіптік ландшафтының маңызды бөлігі. Осы қалаларда елдің өнеркәсіптік өндірісінің 40%-ін қамтамасыз ететін ірі қала құраушы кәсіпорындар шоғырланған. Алайда, ел экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен ірі агломерациялардың өсуі аясында моноқалалар халық санының азаюы, еңбекке қабілетті тұрғындардың кетуі және жас құрылымының өзгеруі сияқты ұлғайып жатқан демографиялық сын-қатерлерге тап болады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның моноқалаларында халық саны 1 341 626 мың адам, бұл 2024 жылғы деңгейден 0,15%-ке төмен (1 343 606 мың адам). Еліміздің қала халқының жалпы санындағы моноқалалардың үлесі – 10,5%.

Моноқалалар арасында халық саны бойынша бірнеше санат ерекшеленеді (1-кесте).

Қазақстанның ең ірі моноқаласы (100 мыңнан астам адам) Теміртау қаласы (171 177 адам). Екінші орында Жаңаөзен қаласы (154 000 адам), одан кейін Екібастұз қаласы (144 437 адам) және Рудный қаласы (123 347 адам) орналасқан.

Халық саны бойынша орташа санатқа (50 мыңнан 100 мың адамға дейін) сегіз моноқала жатады: Кентау, Степногорск, Ақсу, Балқаш, Сәтбаев, Құлсары, Шахтинск, Риддер.

Халық саны 50 мың адамнан аз шағын моноқалалар санатына сегіз қала жатады: Ақсай (43 344 адам), Алтай (35 502 адам), Жітіқара (34 644 адам), Лисаковск (34 473 адам), Абай (28 370 адам), Қаражал (17 346 адам) және халық саны ең аз, 10 346 адам тұратын Курчатов қаласы.

1-кесте. Қазақстан моноқалаларының демографиялық көрсеткіштері

Қазақстанның барлық моноқалаларында тұрақты демографиялық тәуекелдерді және еңбек пен адами капиталдың қысқару үрдісін көрсететін көші-қонның теріс сальдосы тіркеледі. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша моноқалалардан шыққан халықтың жиынтық кетуі - 12 578 адам (моноқалалар халқының жалпы санының 0,9%). Тек Алтай қаласы (+115 адам) және Лисаков қаласында (+16 адам) оң көші-қон сальдосы тіркелген.

Вахталық жұмыспен қамтудың басым болуымен және халықтың жоғары еңбек ұтқырлығымен байланысты халықтың ең көп кетуі Құлсары қаласында (-3 519 адам) байқалды. Айтарлықтай теріс көші-қон мәндері Екібастұз (-1 135 адам) және Кентау (-1 217 адам) қалаларында тіркелген.

Көші-қон ағынының негізгі факторлары - қала құраушы кәсіпорындардан тыс жұмыспен қамтудың шектеулі мүмкіндіктері, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы, сондай-ақ жастар мен орта буын мамандары үшін қалалық ортаның төмен тартымдылығы.

Жалпы көші-қон құлдырауына қарамастан, 13 моноқалада халықтың оң табиғи өсімі байқалады.

Туудың салыстырмалы түрде жоғары болуымен және халықтың жас құрамымен байланысты неғұрлым жоғары мәндер Жаңаөзен (+3 021 адам), Кентау (+1 140) және Құлсары (+1 062) қалаларында тіркелген.

Көші-қон кемуінің ауқымы табиғи көбеюден асып түсетіндіктен халықтың жалпы өсімі теріс болып қала береді.

Оң жалпы өсім көші-қон және табиғи құрамдауыштар арасындағы қолайлы арақатынас халықтың кетуін өтеуге мүмкіндік беретін Қаражал, Жаңаөзен және Хромтау қалаларында тіркелді.

Ағымдағы демографиялық жағдай моноқалаларда халықты ұстап қалу саясатын жандандыру қажеттігін көрсетеді. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік және кеңістіктік шараларды біріктіретін кешенді тәсіл қажет. Жаңа жұмыс орындарын құру ғана емес, сонымен қатар сапалы қызметтерге қол жетімділікті, заманауи инфрақұрылымды және жайлы қалалық ортаны қоса алғанда, тартымды өмір сүру жағдайларын қалыптастыру маңызды.

Аманжолова Әйгерім 

ӨЗӨСО жетекші сарапшысы










Қарау саны: 30
Сақталған: 06.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!