ЭЗИ және М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

09.12.2025

2025 жылғы 8-9 желтоқсан аралығында Экономикалық зерттеулер институты 11 адамнан тұратын Қырғыз Республикасының делегациясын қабылдады.

Делегацияға М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінің Макроэкономикалық модельдеу және талдау орталығының қызметкерлері , модельдеу бойынша бейінді сарапшылар, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігінің өкілдері кірді.

Университеттің стратегиялық мақсаты - жеке тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Оқу орнының тарихы 1953 жылыФрунзе кеңес саудасытехникумы құрылған кезде басталады. Кейінгі жылдары ол Бішкек кеңестік сауда техникумы, 1991 жылы Бішкек коммерциялық колледжі, содан кейін Бішкек жоғары коммерциялық колледжі, Бішкек мемлекеттік экономика және коммерция институты, Бішкек мемлекеттік экономика және кәсіпкерлік университеті, соңында Қырғыз экономикалық университеті болып өзгертілді.

2010 жылы университетке көрнекті ғалым-экономист Мұса Рысқұлбековтің есімі берілді, ал 2022 жылы ол ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алды.

Институт тарапынан кездесуге орталық директорлары, олардың орынбасарлары мен сарапшылары қатысты. Қонақтар үшін Институт орталықтары бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында экономика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, болжау және стратегиялық жоспарлау модельдерін әзірлеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардан зерттеу тапсырыстарын алу және орындау процестері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.


Қарау саны: 49
Сақталған: 15.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!