Павлодар облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 457,7 млрд теңгеден 579,5 млрд теңгеге дейін 26,6%-ке ұлғайды.
Павлодар
облысының бюджет шығындарының құрылымында
білім беру шығындары басым – 2022-2024
жылдары орта есеппен 36,7%. Қарастырылып
отырған кезеңде олар 2022 жылғы 164,6 млрд
теңгеден 2024 жылы 215,7 млрд теңгеге дейін
31,0%-ке өсті. Білім беруді басым қаржыландыру
білім беру саласындағы көрсеткіштердің
жақсаруына әсер етті. 2024 жылдың қорытындысы
бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамту 93,6%-ке, 3 жастан 6 жасқа дейінгі
балалардың қамтылуы 100%-ке жетті.
Шығындар
көлемі бойынша екінші үлкен бағыты –
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Ол
Павлодар облысы бюджетінің барлық
шығындарының орта есеппен 13,3%-не ие.
2022-2024 жылдары олар 51,8 млрд теңгеден 81,8
млрд теңгеге дейін 57,9%-ке өсті. 2024 жылдың
соңында «Екібастұз қаласында ОЖТК-дан
СС-1-ге дейін ЖМ-І-ді қайта құру» және
«Екібастұз қаласында ОЖТК-дан СС-1-ге
дейін ЖМ-ІІІ-ді қайта құру» ірі жобалары
аяқталғанын атап өткен жөн. Бұл халықтың
едәуір бөлігінің өмір сүру сапасын
жақсартуға тікелей әсер етті, өйткені
Екібастұздың көппәтерлі тұрғын үйлерінің
40%-тен астамы осы жылу магистральдарынан
қуат алады.
Шығындар
бағыттарының қалған түрлерінің әрқайсысы
салыстырмалы түрде аз үлеске ие –
Павлодар облысының барлық шығындарының
оннан бір бөлігінен аз.
Сонымен
қатар, Павлодар облысының 2022-2024 жылғы
шығындар қарқынына жасалған талдау
өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметіне жұмсалатын шығындар
айтарлықтай өскенін көрсетті. Олар 2022
жылғы 1,5 млрд теңгеден (барлық шығындардың
0,3%) 2024 жылы 11,4 млрд теңгеге (барлық
шығындардың 2,0%) дейін 7,5 есе ұлғайды.
Мұндай ұлғаю қалалық орта мен өнеркәсіптің
дамуына назардың артып жатқанын
көрсетеді.
