Солтүстік Қазақстан облысының 2022-2024 жылғы бюджет шығындары

11.12.2025

Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) 2022-2024 жылдары 378,6 млрд теңгеден 519,5 млрд теңгеге дейін 37,2%-ке өсті.

Барлық шығындар құрылымында 2022-2024 жылдары білім беру шығындары орта есеппен 33,2% мөлшерінде ең үлкен үлеске ие болды. Қарастырылып отырған кезеңде олар 2022 жылғы 127,8 млрд теңгеден 2024 жылы 171,6 млрд теңгеге дейін 34,2%-ке ұлғайды. Білім беруге көбірек қаражат бөлу осы саладағы негізгі көрсеткіштердің жақсаруына ықпал етті. Мысалы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 96,9%-ке, ал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы 100%-ке жетті.

Білім беруден кейін ең көп қаржыландырылатын салалар – ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары (2022-2024 жылдары орта есеппен 17,6%). Талданып отырған кезеңде осы салаға жұмсалған шығындар 74,9 млрд теңгеден 72,1 млрд теңгеге дейін 3,8%-ке азайды. Бюджет қаражаты осы секторды дамытуға бағытталады. 2024 жылы 3,7 га алаңда «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешені салынды. Жылыжай облысты 2,7 мың тонна көкөніспен қамтамасыз етіп, өңір қажеттілігінің 30%-ке дейін өтейді. Өңірде мұндай жылыжай жалғыз, жылыжайдағы барлық процестер автоматтандырылған – климатты басқару жүйесі, тамшылатып суару, жарықтандыру және көп тізбекті жылыту. Жылыжай кешенінің жұмысы өңірде азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңызды фактор болып табылатын көкөніс бағасының маусымдық тежелуіне ықпал етеді. Облыс бойынша 110 сүт-тауар фермасы, оның ішінде 42 заманауи сүт кешені бар. 2024 жылы облыс бойынша жалпы саны 11,3 мың бастан асатын, жалпы қуаты 70,0 мың тоннадан астам сүт өндіретін және 500 жаңа жұмыс орнын құратын сүт фермаларын салу бойынша 19 жобаны іске асыру жүргізілді. 14 жоба енгізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары облыстың 2022-2024 жылғы барлық шығындарының орта есеппен 12,3%-не ие. Талданып отырған кезеңде олар 49,3 млрд теңгеден 60,8 млрд теңгеге дейін 23,4%-ке ұлғайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бөлінетін қаражат инфрақұрылымды дамытуға және халықтың базалық қызметтерге қолжетімділігін жақсартуға әсер етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының сумен жабдықтауға қолжетімділігі 97,5%-ке жетті. Жалпы, облыс халқының (қалаларды қоса алғанда) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі – 94%.

Шығындардың басқа түрлері облыс бюджетінің барлық шығындарының 9%-тен аз мөлшеріндегі үлеске ие.

2022-2024 жылдары шығындардың едәуір өсуі өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларына тиесілі. Олар 2022 жылғы 714,8 млн теңгеден (барлық шығындардың 0,2%) 2024 жылы 10,7 млрд теңгеге (барлық шығындардың 2,1%) дейін 14,9 есе өсті. Мұндай қарқын осы бағытқа жіті назар аударылғанын көрсетеді.



Қарау саны: 46
Сақталған: 15.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!