Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның демографиялық дамуы

12.12.2025

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан халқының даму қарқыны шартты түрде екі ірі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1991–2001 жж.) халық санының төмендеуімен сипатталды: осы онжылдықта ол 9,7%-ке төмендеп, 1,6 млн адамға жетті.

Екінші кезең (2002–2024 жж.) - тұрақты және үздіксіз өсу кезеңі. Осы жылдар ішінде ел халқы 36,4%-ке немесе 5,4 млн адамға өсті.

1991-2001 жылдары халық санының төмендеуі көші-қон ағынымен де, табиғи өсу көрсеткіштерінің төмендеуімен де байланысты.

1991-1999 жылдары табиғи өсу деңгейі 1000 адамға шаққанда 13,30-дан 4,40-қа дейін төмендеді. Бұл туудың төмендеуі және өлім-жітімнің өсуі аясында байқалды. Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында туудың ең төменгі деңгейі 1999 жылы орын алды: ол кезде небәрі 217,5 мың бала дүниеге келді, ал туудың жиынтық коэффициенті бір әйелге шаққанда 1,8 туу. Өлім-жітімнің ең көп өсуі 1995 жылы қайтыс болғандар саны 166 028-ге дейін өскен кезде тіркелді. Пандемиялық 2020 жылы өлім саны (160 962 адам) 1995 жылғы көрсеткіштен төмен болды.

2000-2014 жылдар демографиялық көрсеткіштердің айқын жақсаруымен сипатталады: туу көрсеткіші тұрақты өсіп, өлім-жітім төмендеді. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2001 жылғ ы14,91-ден 2014 жылы 23,11-ге дейін өсті.

2015-2024 жылдары табиғи өсімнің төмендеуі байқалды - 1000 адамға шаққанда 15,24-тен 11,56-ға дейін. Пандемиялық 2020-2021 жылдардан басқа, туу мен өлім-жітім төмендеу үрдісін көрсетті. Туу коэффициенті 2015 жылғы 22,72-ден 2024 жылы 18,15-ке дейін, өлім-жітім коэффициенті 7,48-ден 6,58-ге дейін төмендеді. Табиғи өсудің төмендеуі туудың азаю қарқыны өлім-жітімнің төмендеу қарқынынан асып түсетіндігімен түсіндіріледі.

Пандемия жылдарында өлім-жітімнің өсуі ғана емес, сонымен бірге туудың өсуі де тіркелді. 2021 жылы 445 875 бала дүниеге келді – тәуелсіздік жылдарындағы туылғандардың рекордтық саны. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық тарихында «пандемиялық нәресте бумы» кезеңі атап өтілді.

Көші-қон жағдайының өзгеруін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

1991-2003 жж. – халық санының азаюында шешуші рөл атқарған маңызды көші-қон ағыны кезеңі.

2004-2011 жылдары көші-қонның оң сальдосы байқалды. Осы жылдар ішінде көші-қон өсімі – 98,7 мың адам. Этникалық қазақтарды (қандастарды) қайтару саясаты айтарлықтай оң нәтиже берді.

2012-2022 жж. – көші-қонның азаю кезеңі. Осы онжылдықта ел еуропалық этностар өкілдері көшіп кетуінің этникалық қандастардың көшіп келуінен асып кетуіне байланысты 178,3 мың адамынан айырылды.

2023 жылдан бастап елге келушілер санының өсуі тіркелді. Бұл этникалық қандастарды репатриациялау жөніндегі тиімді саясаттың жалғасуына, сондай-ақ көрші елдердегі геосаяси жағдайға байланысты.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық дамуы 1990 жылдардың терең құлдырауынан қазіргі тұрақты өсуге дейінгі күрделі жолдан өтті. Бүгін елімізде айтарлықтай демографиялық әлеует бар, алайда халықтың жас құрылымындағы өзгерістер, бірқатар өңірлердегі депопуляция, халықтың ауылдардан қалаларға, облыстардан мегаполистерге көші-қоны сияқты бірқатар сын-қатерлер орын алады.

Отбасыларды қолдауды, өңірлерді дамытуды және ішкі көші-қонды реттеуді қамтитын тиімді демографиялық саясат халықтың теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді перспективада елдің адами капиталын нығайтуға қабілетті.

Шынар Төлешова

демограф, Экономикалық зерттеулер институты Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары



Қарау саны: 89
Сақталған: 15.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!