Экономика және заң: жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалар

17.12.2025

2025 жылы Қазақстанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне саланы цифрландыруға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және лицензиялау тетіктерін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы жария талқылауға шығарылды.

Реформалардың қажеттілігі жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту, геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу, жер қойнауын басқаруға цифрлық құралдарды енгізу үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығынан туындады.

Жоба өтінімдер беру, аукциондар өткізу, лицензиялар беру және геологиялық мониторинг жүргізу процестерін біріктіретін негізгі цифрлық құрал ретінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын заңнамалық бекітуді көздейді. Заң жобасымен мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды ресімдеу, сондай-ақ автоматтандырылған жүйелер арқылы лицензиялық шарттардың орындалуын түпкілікті бақылауды қамтамасыз ету ұсынылады. Сынамаларды алу үшін тау-кен массасын алу мәселелері реттеледі.

Бұдан басқа, жоба бірқатар институционалдық міндеттерді шешеді: геологиялық деректерді есепке алу және сақтау жөніндегі Ұлттық геологиялық қызметтің функцияларын нақтылайды, жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру кезінде аукциондық тетікті қолдануды бекітеді және лицензиялық міндеттемелер шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын күшейтеді.

Бірқатар елдерде кейінгі жылдары жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалар да іске асырылды. Осыған байланысты төменде соңғы заңнамалық өзгерістерге шолу берілген.


Өзбекстан

Өзбекстанда 2024 жылғы 31 қазанда жер қойнауын иелену, пайдалану және қорғау мәселелерін реттейтін «Жер қойнауы туралы» жаңа Заң (№ ЗРУ-987) қабылданды. Заң жер қойнауын иелену, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған, оның негізгі міндеті – инвестицияларды тарта отырып және геологиялық ақпаратты реттеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, пайдалы қазбаларды орнықты игеру үшін құқықтық базаны қамтамасыз ету.

Заңмен жер қойнауын пайдаланушылардың өндірілген ресурстарға құқықтары сақталған кезде жер қойнауына айрықша мемлекеттік меншік расталды. Мемлекеттік жер қойнауы қорының кадастрлық жүйесі жетілдіріліп жатыр: көмірсутектер кадастры және кадастрлық квадрат сияқты ұғымдар енгізіледі. Заң жер қойнауын пайдалануға лицензиялар (рұқсаттар) беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Жер қойнауын пайдалану орталығын белгілейді; рұқсаттар беру, есептілікті қабылдау және аралас салаларда мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінде «бірыңғай терезе» қағидаты енгізіледі.


Австралия

Австралияда дәстүрлі түрде жетекші тау-кен аймағы ретінде Батыс Австралия штатында айтарлықтай өзгерістер болды. 2025 жылы штат үкіметі Mining Act 1978 түзетулеріне бастама жасады. Реформалардың мақсаты – кейінгі жылдары жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін қиындатқан құқықтық белгісіздікті жою. Өзгерістер барлауға лицензия беруді икемді түрде реттеуге мүмкіндік береді: тау-кен компаниялары министрдің мақұлдауымен барлау лицензияларын алуға арналған өтінімдерден басқа өтінімдермен қабаттасатын учаскелерді алып тастай алады). Өтініш беру талаптары жеңілдетілген: барлау лицензиясын алу үшін жұмыс бағдарламасы мен бюджетті тек бірінші жылға ұсыну жеткілікті.

Сондай-ақ барлау лицензияларын қайталама ұзарту тәртібі нақтыланады, ал уәкілетті органға берілген құқықтардың мазмұны мен көлемін қозғамайтын техникалық және редакциялық қателерді жою бөлігінде лицензиялардың шарттарына түзетулер енгізу құқығы беріледі. Австралиялық тау-кен өнеркәсібі реформаларға оң баға берді: Тау-кен және барлау компаниялары қауымдастығының бағалауы бойынша өзгерістер әкімшілік шығындарды азайтады және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарының кепілдіктерін нығайтады.



Еуропалық Одақ

2024 жылы Еуропалық Одақта жер қойнауын пайдалану саласына қатысты кешенді нормативтік акт – ЕО-ның «Маңызды шикізат материалдары туралы» регламенті (Critical Raw Materials Act, CRMA) қабылданды. Бұл реттеу 2024 жылғы мамырда күшіне еніп, экономиканы жасыл және цифрлық трансформациялау үшін қажетті минералды шикізаттың стратегиялық түрлерімен ЕО-ны сенімді және тұрақты жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. CRMA 2030-2050 жылдарға қарай ЕО-ның сирек жер элементтері, литий және басқа ресурстарға сұранысының болжамды бірнеше рет өсуі аясында, сондай-ақ шектеулі елдерден импортқа тәуелділікті азайту мақсатында әзірленді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Регламент бірқатар шараларды, соның ішінде ЕО елдеріндегі өндіру жобалары үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыруды енгізеді. Әрбір мүше ел маңызды ресурстарды өндіру жобаларына рұқсат берудің барлық кезеңдерін үйлестіруге жауапты органды тағайындауы керек. Іс жүзінде бюрократиялық жүктемені қысқартуға арналған «бір терезе» қағидаты енгізіледі: стратегиялық маңызды жобалар жоғары ұлттық басымдық мәртебесіне ие болады. Жаңа ережелерге сәйкес, барлық келісу рәсімдері ЕО Бірыңғай цифрлық порталы (Single digital Gateway) арқылы онлайн режимінде қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, CRMA шикізатты жеткізу тізбегінің мемлекеттік мониторингін күшейтеді: сыни материалдар бойынша тәуекелдер мен стресс-тесттер мониторингі жүйесі енгізіледі, елдер арасында үйлестіру үшін Сыни шикізат жөніндегі Еуропалық кеңес құрылады.


АҚШ

АҚШ-та 2024 жылы жер қойнауын пайдаланудың электрондық есепке алудың жаңа жүйесін – Жер ресурстарын басқару бюросын (Mineral & Land Records System, MLRS) енгізу аяқталды. Платформа ескірген ақпараттық жүйелерді ауыстырды және өтінімдерді беру мен өңдеу; тау-кен жұмыстарын тіркеу және федералдық жерлердегі тау-кен лицензияларын басқару; жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш беру, алымдарды төлеу, лицензияларының мәртебесін қадағалау және т. б. үшін онлайн қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, платформада тау-кен өтінімдері мен учаскелері туралы өзекті кеңістіктік деректерді көрсететін интерактивті карта (MLRS Research Map) іске асырылды, бұл қол жетімді жер қойнауы аумақтары туралы ақпараттың ашықтығы мен іздеудің ыңғайлылығын айтарлықтай арттырады.



1 https://lex.uz/ru/docs/7182163

2 https://www.uzdaily.uz/ru/zakonom-sovershenstvuetsia-poriadok-polzovaniia-bogatstvami-nedr/

3 https://www.gtlaw.com.au/insights/mining-act-amendments-in-western-australia-an-end-to-the-uncertainty

4 https://single-market-economy.ec.europa.eu/sectors/raw-materials/areas-specific-interest/critical-raw-materials/critical-raw-materials-act_en

5 https://www.womblebonddickinson.com/us/insights/articles-and-briefings/accelerating-eu-mineral-permitting-critical-raw-materials-act

6 https://www.blm.gov/blog/2023-06-27/seven-things-know-about-expanded-mineral-land-records-system



Қарау саны: 84
Сақталған: 18.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!