Қазақстан мен Жапония: стратегиялық әріптестік және өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктері
17.12.2025
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсан аралығында Жапонияға ресми сапармен барып, оның шеңберінде Жапония Императоры Нарухитомен, ел Премьер-Министрі Санаэ Такаитимен, сондай-ақ жапон іскер топтарының өкілдерімен және бизнес-қоғамдастықтардың делегацияларымен кездесуді жоспарлап отыр.Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстан Республикасы Президентінің Токионың өңір елдерімен стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтуға ұмтылысын көрсететін «Орталық Азия-Жапония» форматындағы бірінші саммиттің жұмысына қатысуы. Халықаралық байланыстардың жандануы аясында Қазақстан Жапонияның Азия өңіріндегі негізгі серіктесі ретінде дәстүрлі түрде өңірдің басқа мемлекеттерімен салыстырғанда жапон инвестицияларының үлкен үлесін тартады. Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 26 қаңтарда орнатылып, өзара сыйластық пен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке негізделген жүйелі мемлекетаралық диалогты ашты. Отыз жылдан астам уақыт ішінде екі ел арасындағы өзара іс-қимыл берік институционалдық сипатқа ие болды, саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда өзара түсіністікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған екіжақты консультациялар, үкіметаралық кездесулер, іскерлік форумдар мен гуманитарлық жобалар үнемі өткізіліп тұрады. Тарихи тұрғыдан Токио Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес және көпжақты құрылымдардағы сенімді одақтас ретінде қарастырады. Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсуді көрсетіп отыр. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, елдер арасындағы тауар айналымы 2024 жылы шамамен 1,8 млрд АҚШ долларына, оның ішінде Қазақстанның экспорты шамамен 506 млн АҚШ долларына, ал Жапониядан импорт шамамен 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Жапония тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 8 млрд АҚШ доллардан асатын Қазақстанның ең ірі 10 шетелдік инвесторының қатарына кіреді. Елде энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қаржы, көлік, медицина және басқа салаларды қоса алғанда, экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 60-тан астам жапон компаниясы тіркелген. Сонымен
бірге, Қазақстан экономикасы тұтастай
алғанда шетелдік инвестициялардың
едәуір ағынын тартады, деп хабарлайды
UN ESCAP (Азия
және Тынық мұхиты үшін экономикалық
және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК)),
2024 жылы Қазақстан Солтүстік және Орталық
Азия елдері арасында инвестициялар
бойынша көшбасшы болып, өңірде тартылған
барлық капитал салымдарының шамамен
63%-ін
қамтамасыз етті.
Тараптардың бірлескен жұмысы металлургия, машина жасау және көлік сияқты дәстүрлі салаларды да, цифрландыруды, «жасыл» экономиканы, инновациялық технологияларды және орнықты дамуды қоса алғанда, жаңа перспективалы бағыттарды да қозғайды. Мәселен, Қазақстан мен Жапония үкіметтері арасында парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттық шешімдерді ілгерілету жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған кредиттеудің бірлескен тетігі (JCM - Joint Crediting Mechanism) бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Екіжақты экономикалық көрсеткіштердің оң қарқынын тауар айналымының өсуі туралы ресми дереккөздердің деректері де растайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы сауда ағындарының нығаюын және іскерлік әріптестіктің кеңеюін көрсете отырып, өткен жылдарға қарағанда ұлғайды (13,8%). Экономикалық байланыстардан басқа, Қазақстан мен Жапония белсенді саяси диалог пен гуманитарлық ынтымақтастықты дамытады. Білім, мәдениет және техника саласындағы алмасу бағдарламалары адами және қоғамдық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Жапония Қазақстандағы инфрақұрылым мен әлеуметтік саланың тұрақтылығын арттыру бойынша гранттар мен жобаларды қоса алғанда, техникалық көмек пен даму бағдарламаларын жүзеге асырады, бұл елдер арасындағы практикалық әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтады6.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, энергетика, цифрлық технологиялар мен экологиялық жобаларды қоса алғанда, басым салаларға инвестицияларды тереңдету, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздік, климаттық саясат және тұрақты даму мәселелері бойынша саяси диалогты нығайту жөніндегі жаңа бастамаларды талқылайды деп күтіледі. «Орталық Азия – Жапония» саммиті Орталық Азия елдері мен жапон серіктестерінің экономикалық, инфрақұрылымдық және инновациялық мүдделерін біріктіріп, халықаралық аренада ұзақ мерзімді әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастыққа үлес қосатындықтан өңірлік ынтымақтастықтың бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін. Гүлім Сман Экономикалық зерттеулер институты Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының аға сарапшысы 3 https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakhstan-emerges-as-the-leader-in-attracting-investments-for-new-projects-in-the-north-and-central
Қарау саны: 130 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|