Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Тяньшань форумы

19.12.2025

2025 жылғы 1 желтоқсанда Үрімжі қаласында (ҚХР) «CAREC өңірінде қаржыландырудың инновациялық тетіктері арқылы жасыл бастамалардың трансформациялық әсерін жеделдету» тақырыбына арналған ОАӨЭЫ талдамалық орталықтарын (CAREC Think Tank Development Forum) дамыту жөніндегі тоғызыншы форум өтті.

Іс-шара 2016 жылы ОАӨЭЫ Институты құрған ОАӨЭЫ талдамалық орталықтар желісі шеңберінде білім алмасудың жыл сайынғы платформасы ретінде ұйымдастырылды. Форум негізгі өңірлік сын-қатерлерді талқылау және мемлекеттік саясат саласында ұсыныстар әзірлеу үшін талдамалық орталықтардың, мемлекеттік органдардың, академиялық қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың және жеке сектор өкілдерінің басын қосты. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан форумға Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Ә. Мусина қатысты.

Форум басында ОАӨЭЫ Институтының директоры Чарымухаммет Шаллиев ОАӨЭЫ өңірінің елдері бір мезгілде елеулі климаттық, энергетикалық және қаржылық сын-қатерлерге тап болып, орнықты, өміршең және инклюзивті экономикалық өсудің жаңа үлгілерін іздейтінін атап өтті. Өз сөзінде ол форум қажет кезде сапалы «жасыл» жобаларды әзірлеу, өңірлік ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ аралас қаржыландыру құралдарын, экологиялық, әлеуметтік және басқару тетіктері мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қоса алғанда, инновациялық форматтарды қолдану мәселелері бойынша практикалық диалог жүргізуге арналған алаңға айналғанын атап өтті.

Өз кезегінде Азия даму банкінің Оңтүстік, Орталық және Батыс Азия бойынша Вице-президенті Ян Инмин өз сөзінде ОАӨЭЫ елдерінің климаттық мақсаттарына қол жеткізу үшін елеулі қаржы ресурстарының қажеттілігіне және мемлекеттік пен жеке секторлар арасындағы теңгерімді өзара іс-қимылдың маңыздылығына назар аударды.

Форум өткізіліп жүрген уақыттан бастап ОАӨЭЫ елдері арасындағы диалогты дамыту, ынтымақтастықты нығайту және озық тәжірибелермен алмасу үшін негізгі өңірлік алаңдардың бірі ретінде бекітілгенін атап кеткен жөн. 2025 жылы форум Азия даму банкінің, ҚХР-дың Кедейлікті азайту және өңірлік ынтымақтастық қорының, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының, сондай–ақ АДБ-ҚХР өңірлік білім алмасу бастамасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форумның маңызды ерекшелігі – оның 2025 жылғы 2-3 желтоқсанда «Орталық Азиядағы байланыс пен инвестициялардың әлеуетін ашу» тақырыбында өткен Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірінші Тяньшань форумы шеңберінде өткізілуі. ОАӨЭЫ форумының қатысушылары өңірлік байланыс және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және даму жөніндегі әріптестердің жоғары лауазымды өкілдерін біріктірген Тяньшань форумының жұмысына да қатысты.

Тяньшань форумы барысында ОАӨЭЫ шеңберіндегі ынтымақтастықтың елеулі ілгерілеуін және оны қатысушы елдердің мүдделері үшін ауқымы бойынша да, тереңдігі бойынша да одан әрі кеңейту қажеттігін атап өткен Қытай Қаржы министрі алғы сөзбен баяндама жасады. Ол сондай-ақ Орталық Азияның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан рөлін және өзара іс-қимыл бағыттарын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, ОАӨЭЫ Институтының директоры Чарымухаммет Шаллиев форумның байланыстырушы рөлін атап өтіп, Тяньшань форумы жалпы өңірлік міндеттердің шешімдерін бірлесіп іздеу үшін мемлекеттік билік органдары, жеке сектор, даму бойынша серіктестер мен ғылыми қоғамдастық арасындағы тиімді көпір болатынын айтты.

Форум «жасыл» қаржыландыру саласындағы өзекті талдамалық тәсілдер мен үздік халықаралық тәжірибелерге қол жеткізуге, сондай-ақ ОАӨЭЫ өңірі елдерінің жетекші талдамалық орталықтарының, халықаралық қаржы институттары мен мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік бергендіктен, оның жұмысына қатысу айтарлықтай практикалық құндылыққа ие. Аралас қаржыландырудың нақты жағдайлары мен құралдарын талқылау ұлттық және өңірлік бастамалардың сараптамалық пысықталуын тереңдетуге, сондай-ақ тұрақты және инклюзивті экономикалық даму саласында мемлекеттік политиканы одан әрі зерттеу және әзірлеу үшін қолданбалы ұсынымдарды қалыптастыруға ықпал етті.


Анықтамалық. Орталық Азияның Өңірлік экономикалық ынтымақтастық институты (CAREC Institute) – қызметі сараптамалық-талдамалық және білім беру қолдауын көрсету арқылы ОАӨЭЫ елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған үкіметаралық ұйым. Институттың штаб-пәтері Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімжі қаласында орналасқан.



Қарау саны: 87
Сақталған: 19.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!