ЭЗИ қабырғасында Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары жобаларын қорғады

24.12.2025

Экономикалық зерттеулер институты мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Академияның магистранттары Институт алаңында магистрлік жобаларын сәтті қорғады.

Академияда білім алу барысында магистранттар магистрлік зерттеулерінің шеңберінде қолданбалы сипаттағы жобалар әзірлейді. Бұл жобаларды қорғау дәстүрлі түрде Академиядан тыс, сыртқы алаңдарда ұйымдастырылады. Мұндай формат жұмыс нәтижелерін бағалауға тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, стейкхолдерлерге магистранттардың зерттеу қорытындылары мен практикалық ұсынымдарымен тікелей танысуға жағдай жасайды.

Ұзақмерзімді серіктестікке негізделген ынтымақтастықты ескере отырып, биыл магистрлік жобалардың қорғалуы Экономикалық зерттеулер институты қабырғасында өтті. Қорғау комиссиясының құрамына Институттың Сараптама орталығы директорының орынбасары Айгүл Асенова да кірді.

Бұл іс-шара екі ұйым арасындағы әріптестікті нығайтып қана қоймай, зерттеушілердің ғылыми-тәжірибелік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.



Қарау саны: 49
Сақталған: 26.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!