Экономикалық зерттеулер институтында Ғылыми кеңестің отырысы өтті

26.12.2025

Экономикалық зерттеулер институтында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде өңірлік даму, халықаралық ынтымақтастық және реттеушілік саясатты жетілдіру мәселелеріне арналған негізгі талдамалық есептер қаралды.

25 желтоқсанда күн тәртібінде – «Өңірлік саясатты, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, өңірлер экономикасының өсу резервтерін анықтау, оның ішінде қалалық және ауылдық елді мекендерде халықтың тұрмыс-тіршілігінің жайлылық деңгейін бағалау және мониторингтеу бойынша ұсынымдар әзірлеу» тақырыбындағы талдамалық есепті қарау және талқылау мәселесіӨңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Құрметұлы Нұрболат баяндама жасады.

26 желтоқсанда Ғылыми кеңес үш талдамалық есепті қарап, талқылады. Бірінші есеп «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара іс-қимылға талдамалық және консультациялық қолдау көрсету» тақырыбына арналды. Баяндамашы ретінде Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Әлібек Алтынбекұлы Райыпов сөз сөйледі.

Екінші есептің тақырыбы – «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы функцияларының іске асырылуын талдамалық сүйемелдеу». Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары, Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының басшысы Жанар Ермекқызы Төлегенова баяндама жасады.

Отырыстың үшінші тақырыбы Ұлттық байланыс орталығының қызметін талдамалық сүйемелдеу шеңберінде реттеушілік актілерге экспресс-талдау жүргізу әдістемесі бойынша 3-құрамдауышқа арналды. Баяндаманы Сараптама орталығы директорының орынбасары Айдана Жұматайқызы Байқанова ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тұжырымдар мен ұсынымдарды талқылады, олардың өңірлік саясатты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасында реттеуші ортаның сапасын арттыруда практикалық маңыздылығын атап өтті.



Қарау саны: 33
Сақталған: 29.12.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!