Экономикалық зерттеулер институтына экономика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Камирович Шокамановтың редакциясымен жарық көрген «ЕАЭО экономикасындағы құрылымдық өзгерістер және олардың Қазақстан экономикасының дамуына ықпалы» атты монография сыйға тартылды.
Монографияда
Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің
гранттық зерттеуін іске асыру аясында
жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижелері
ұсынылған.
Еңбектің
рецензенттері –
А.К.
Ержанов, Б.В. Тутенов, У.М. Искаков, Б.Д.
Хусаинов.
Алғашқы
бес тарау теориялық-әдіснамалық
мәселелерге арналса, келесі жеті тарауда
сол әдістерді қолдану арқылы алынған
зерттеу нәтижелері баяндалған.
Аталған
басылым Институт қызметкерлерінің
үлкен
қызығушылығын
тудырды.