Өткен аптада Қазақстан өңірлері ірі өнеркәсіптік және энергетикалық жобалардан бастап, қаланы, көлік пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағыттарын қамтыған жоғары инвестициялық және инфрақұрылымдық белсенділікпен көзге түсті.
Алматы.
Оңтүстік
астананың полицентрлік дамуы қаланың
орталық бөлігіне жүктемені азайтуға
және мегаполистің бірқатар түйінді
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді,
деп хабарлады «Алматыбасжоспар» ҒЗИ
басшысы А.Сәдуов қаланың 2040 жылға дейінгі
бас даму жоспарын түзету жобасын қоғамдық
талқылау барысында.
Жобада
бес ірі полиорталықты қалыптастыру
көзделген: «Тарихи Орталық», «Шығыс
қақпасы», «Батыс», «Оңтүстік-Батыс»
және «Солтүстік». Бұл аймақтарда
тұрғындар сауда мен бос уақыттан бастап
жұмыс орындарына дейін қызметтердің
толық спектріне ие болып, барлық
полиорталықтар бірыңғай қалалық жүйеге
біріктіріледі.
Стратегия
шеңберінде әуежай мен Алатау қаласына
дейінгі қосымша метро желілерін қоса
алғанда, көлік инфрақұрылымын дамыту,
сондай-ақ Алматы-II вокзалына және «Шығыс
қақпасы» ауданына шығатын ЖРК желісін
құру жоспарланып отыр.
Қарағанды
облысы. Өңірдің
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
шығарылды: көптеген бағыттар бойынша
оң даму қарқыны байқалады, ал қабылданған
шаралар инфляция бойынша жағдайды
тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Негізгі
жетістіктердің қатарында – ауылдық
инфрақұрылымды дамыту, медициналық
пункттерді іске қосу, «Жарлы-Қарқаралы»
су құбырының құрылысын аяқтау, Приозерск
қаласында дене шынықтыру-сауықтыру
кешенін іске қосу, сондай-ақ облыс
орталығында ауқымды жол жұмыстарын
жүргізу мен жаңа өндірістер ашу.
Qarmet
өнеркәсіптік кәсіпорнын жаңғырту жеке
атап өтілді. Жалпы, облыстың
әлеуметтік-экономикалық дамуы оң сипатты
сақтайды, ал іске асырылып жатқан жобалар
одан әрі өсудің негізін қалайды.
Қызылорда
облысы. Қызылордада
«AKSA Energy» түрік компаниясының қатысуымен
қуаты 240 МВт, құны 215,0 млрд теңгеге жаңа
жылу электр орталығы салынды. Бюджет
қаражаты есебінен станцияға құны 15,0
млрд теңгеге ұзындығы 45 км газ құбыры
салынды. Жоба өңірдің энергетикалық
секторына жеке инвестициялар тарту
шеңберінде іске асырылды.
Жаңа
ЖЭО 240 МВт электр энергиясын және 277
Гкал/сағ жылу энергиясын өндіреді, бұл
өңірді толық қамтамасыз етіп қана
қоймай, шет жерлерге электр энергиясын
жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі
уақытта қуаты 176 МВт газ турбинасы іске
қосылды, бу турбинасын келесі жылдың
басында іске қосу жоспарланып отыр.
Өңірде
энергия жүйесін дамыту бойынша жобалар
іске асырылады: кейінгі жылдары 24,2 млрд
теңге сомасына 71 жоба орындалып,
желілердің тозуын 60,8%-ке төмендетуге
мүмкіндік берді. Катардан келген
инвесторлармен уағдаластық шеңберінде
қуаты 1100 МВт бу-газ қондырғысын салу
және магистральдық энергетикалық және
газ инфрақұрылымын дамыту бойынша
жобалық жұмыстар басталды.
Ақтөбе
облысы. Хромтау
тау-кен техникалық жоғары колледжінде
тау-кен металлургия саласының өңірлік
білім беру-өндірістік кластері ресми
түрде іске қосылды. Жоба Қазақстанда
мектепке дейінгі жастан бастап өндірісте
жұмысқа орналасуға дейінгі үздіксіз
кадрлар даярлау жүйесінің алғашқы
үлгісі болды.
Модельдің
басты ерекшелігі – түлектерді Дон
тау-кен байыту комбинаты мен ERG тобының
кәсіпорындарын қоса алғанда, саланың
жетекші кәсіпорындарына толық жұмысқа
орналастыру. Мамандарды даярлау жұмыс
берушілердің нақты қажеттіліктерін
ескере отырып жүргізіліп, түлектерге
өндірістік процеске ауыртпалықсыз
кірігуге мүмкіндік береді.
Жоба
әлеуметтік серіктестер мен халықаралық
білім беру ұйымдарының қатысуымен
жүзеге асырылады. Іске қосу қорытындысы
бойынша Хромтау колледжі «Talap» КЕАҚ
сертификатын алып, елдегі жаңа форматтағы
алғашқы білім беру-өндірістік модель
мәртебесін ресми растады.
Қостанай
облысы. Облыстың
автожол инфрақұрылымының дамуы
айтарлықтай жанданды. 2025 жылы жол
саласының бюджеті 103 млрд теңгеге жетіп,
2022 жылғы деңгейден 2,6 есе артық болды
және жол жұмыстарының ауқымын едәуір
кеңейтуге мүмкіндік берді.
Осы жылы
1,3 мың шақырымға жуық автожол жөнделді,
бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 4,6 есе көп.
Жұмыстар ондаған елді мекендердегі
жүздеген учаскелерді жаңартуды қоса
алғанда, магистральдарды, облыстық
маңызы бар жолдарды және кентішілік
көшелерді қамтыды.
Жол
желісін дамыту – өңірлік саясат
басымдықтарының бірі. Жаңартылған
жолдар қауіпсіздікті арттыруға, көлікке
қолжетімділікті жақсартуға және облыстың
қалалары мен ауылдық аумақтары арасындағы
экономикалық байланыстарды нығайтуға
ықпал етеді.
Маңғыстау
облысы. Осы
жылдың 11 айының қорытындысы бойынша
әлеуметтік-экономикалық дамудың оң
қарқыны сақталады. Өнеркәсіп өнімінің
көлемі 2,9 трлн теңгеден асты, инвестиция
көлемі 949,9 млрд теңгені құрады, құрылыс,
көлік, сауда және байланыс салаларында
да өсім байқалды.
Кейінгі
үш жылда өңірге шамамен 3 трлн теңге
тартылды, ал 2026-2032 жылдары 8,8 мың жұмыс
орнын құра отырып, жалпы құны 10,0 трлн
теңгеге 55 жобаны іске асыру жоспарланып
отыр. Туристік сала жоғары көрсеткіштерді
байқатады: 9 айдың ішінде өңірге 350 мыңнан
астам турист келді, көлік және туристік
инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар
іске асырылып жатыр.
Өндіріс
көлемі 38,0 млрд теңгеге жеткен
агроөнеркәсіптік кешенде де оң даму
қарқыны тіркелді. Өңір елімізде түйе
шаруашылығы бойынша көш бастап тұр және
түйе сүтін терең өңдеу мен аквамәдениетті
дамыту бойынша жобаларды жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнес халықтың тұрақты
өсуі мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ете отырып, облыс экономикасының шамамен
40%-ін қалыптастырады.
Астана.
Елордада
жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау
және сумен жабдықтау қуатын ұлғайтуға
бағытталған тіршілікті қамтамасыз ету
объектілерін озыңқы дамыту жалғасады.
Бұған дейін қалада ССС-3, газ жылу
станциялары және энергетикалық
инфрақұрылым объектілері пайдалануға
берілген.
ССС-3
және Астана су қоймасынан су құбырының
екінші желісін аяқтау есебінен қала
тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден
астам ауыз су алды, қазір профицит 60 мың
текше метрден асады. 2025 жылы елорданы
ұзақ мерзімді перспективада тұрақты
сумен қамтамасыз ететін ССС-4 құрылысы
басталды.
Сондай-ақ,
тазарту құрылыстарының қуаты артып
келеді, тұрғын алаптарда КТҚ-2 және
жергілікті тазарту жүйелерінің құрылысы
жүргізіледі. Жаңа жылу көздерін енгізу
жылу жүйесінің қуатын 34%-ке арттыруға
мүмкіндік берді, профицит сағатына –
500 Гкал. Елорданы газдандыру 95%-ке жетті,
келесі жылы көрсеткішті 100%-ке дейін
жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан
облысы. Отырар
ауданында «Түркістан мақта-қағаз
агроөнеркәсіптік кешені» ауқымды жобасы
іске қосылды. Бастама аясында еліміздегі
ең ірі мақта өңдеу зауыты, тамшылатып
суару жүйелерін шығаратын кәсіпорын
және жасанды интеллект базасындағы
орталық басқару станциясы пайдалануға
берілді.
Жоба
мақта өсіруден бастап дайын тоқыма
өнімдерін шығаруға дейінгі толық
өндірістік циклды құрайды. Суды үнемдеу
технологияларын енгізудің арқасында
су шығыны екі есе қысқарды, өнімділік
үш есе артып, гектарына 50-60 центнерге
жетті. Екі мақта өңдеу зауыты жылына
180 мың тоннаға дейін шитті мақта өңдеуді
қамтамасыз етеді.
Мақта-тоқыма
кластері шеңберінде жалпы инвестиция
көлемі 200,0 млрд теңгеден асатын және 4
мыңнан астам жұмыс орнын құратын 10
зауытты іске қосу жоспарланып отыр.
Жобаны іске асыру өңірдің экспорттық
әлеуетін арттыруға және облыстың Орталық
Азияның жетекші мақта-тоқыма орталығы
ретіндегі мәртебесін бекітуге мүмкіндік
береді.
Абай
облысы. Өңір
әкімдігінде Kazakhstan Silicon Alloys компаниясының
өкілдерімен кездесу өтті. Келіссөздер
барысында инвесторлар Семей және
Курчатов қалаларында ферросилиций
өндіретін зауыттар салуға ниет білдірді.
Жобаға
инвестициялардың жалпы көлемі – 500,0
млн доллар. Бастаманы іске асыру үшін
ауданы 100 га жер учаскесін бөлу және
қажетті инженерлік инфрақұрылымды
жүргізу талап етіледі. Өндірісті заманауи
экологиялық стандарттарды сақтай отырып
ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Кездесуде
облыстың жоғары өнеркәсіптік және
логистикалық әлеуеті атап өтілді, өңір
әкімдігі инвесторларға жан-жақты қолдау
көрсетуге дайын екенін білдірді. Жобаның
іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын
құруға мүмкіндік береді және өңірдің
өңдеу өнеркәсібін дамытуда маңызды
қадам болады.
Қызылорда
облысы. Облыстың
барлық елді мекендері орталықтандырылған
ауыз сумен 100% қамтамасыз етілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы толығымен
орындалды.
Өңірде
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау
мәселесі де шешіліп жатыр. Жобаны іске
асыруға 26,2 млрд теңге бөлінді, 423
көппәтерлі үйге арналған жобалар
әзірленді. Бірінші кезең аясында 186 үй
ыстық сумен қамтамасыз етілді, екінші
кезеңде тағы 237 үйді қосу жұмыстары
жалғасады.
Қосымша
2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі»
бағдарламасы аясында 78 ауылдық елді
мекеннің әлеуметтік және инженерлік
инфрақұрылымын дамытуға бағытталған
31,6 млрдтеңге сомасына 343 жоба іске
асырылып, ауыл тұрғындарының өмір сүру
сапасын арттырды.
Қостанай
облысы. Рудный
қаласында қара металлургияның ірі
жобаларының бірі – ыстық брикеттелген
темір өндіру зауытын салу іске асырыла
бастады. Жоба өңір мен ел үшін стратегиялық
маңызға ие, бірінші кезеңде инвестиция
көлемі 655,0 млрд теңге, 1,0 мыңнан астам
жұмыс орнын құру көзделген.
Жаңа
зауыт Орталық Азиядағы «жасыл»
металлургияның ірі нысандарының біріне
айналады. Өндіріс Midrex темірді тікелей
қалпына келтіру технологиясын қолдану
арқылы ұйымдастырылады, бұл кокстың
орнына табиғи газды пайдалану арқылы
қоршаған ортаға жүктемені айтарлықтай
азайтады.
Жобаны
ERG тобының еншілес компаниясы – «QazIron
ERG» ЖШС жүзеге асырады. Кәсіпорынның
жобалық қуаты жылына 2,0 млн тонна ыстық
брикетті темірді құрайды, бұл шикізатты
қайта өңдеудің қосымша құнын арттырады
және Қазақстанның халықаралық
металлургиялық өнім нарықтарындағы
позициясын нығайтады.
Маңғыстау
облысы. Ақтауда,
Каспий теңізінің акваториясында теңіз
ақсеркесін өсіру бойынша ауқымды жоба
жүзеге асырылып жатыр. Құны 11,9 млрд
теңгеге «Organic Fish» компаниясының бастамасы
толық қуатқа шыққаннан кейін жылына 5
мың тоннаға дейін балық өндіруді
көздейді.
Балық
шаруашылығы өңірдің әлеуметтік-экономикалық
дамуының басым бағыттарының біріне
айналуда. Кейінгі жылдары балық қорының
қысқаруы және инфрақұрылымның тозуы
аквамәдениеттің дамуын тежеді, осыған
байланысты облыста саланы жаңғырту
және жеке инвестицияларды тарту жөніндегі
шаралар кешені іске асырылады.
Мамандардың
бағалауы бойынша, Каспий теңізінің
табиғи жағдайлары аквамәдениеттің
қарқынды дамуы үшін қолайлы. 2025-2027
жылдары өңірде балық шаруашылығы
саласындағы төрт ірі жобаны іске асыру
жоспарланып отыр, бұл жаңа жұмыс орындарын
құруға және өңірдің өндірістік әлеуетін
кеңейтуге мүмкіндік береді.