2025 жылғы желтоқсан айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

06.01.2026

Жылдық мәнде елдегі тұтынушылық инфляция – 12,3%. Азық-түлік тауарлары жыл ішінде 13,5%-ке ұлғайып негізгі өсім көрсетті.

2025 жылдың желтоқсанын айында елдегі инфляция:

  • 2024 жылғы желтоқсанға қатысты 12,3% (қарашада 12,4%)
  • 2025 жылғы қарашаға қатысты 0,9% (қарашада 0,8%)

Жылдық мәнде:

  • азық-түлік бағасы 13,5%-ке (1,2% м/м) өсті
  • азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,1%-ке (0,7% м/м) өсті
  • ақылы қызметтердің бағасы 12,0%-ке (0,6% м/м) қымбаттады

Инфляция қарқынына негізгі үлесті азық-түлік қосады – 44,2% (яғни, жалпы инфляцияның 12,3%-нен 5,4%-і азық-түлікке тиесілі), бұл кейінгі жылдарда жоғары көрсеткіштердің бірі. 2024 жылдың желтоқсанын айында азық-түлік үлесі жалпы инфляцияның 27,3%-не ие болды.

2024 жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің үлесі – 29,1%. 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда олардың инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі 43,8%-тен 29,1%-ке дейін 14,4 п.т-ға төмендеді. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда ақылы қызметтердің үлесі 0,7 п. т. төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы желтоқсандағы 29,0%-тен 2025 жылғы желтоқсанда 26,7%-ке дейін азайды.

Азық түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:
  • сиыр еті – 32,1%
  • қой еті – 28,8%

  • шұжық өнімдері – 19,3%

  • алма – 18,4%

  • күнбағыс майы – 17,5%

  • балық және теңіз өнімдері – 16,5%

  • алкогольсіз сусындар – 16,3%

  • сары май – 13,9%

  • сүт және ашытылған сүт өнімдері – 11,2%

  • құс еті – 10,7%

Келесі тауарлардың жллдық бағасы төмендеген: қызанақ – 7,9%, күріш 4,8%, қияр 4,7%, тәтті бұрыш 2,7%, кептірілген өрік 2%.

Азық-түлік емес тауарлардың арасында жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар: аяқ киімге арналған крем – 10,8%, су шүмегі – 8,5%, электр бұрғысы 6,6%. Сондай-ақ, жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар: зергерлік бұйымдар – 38,2%, шаңсорғыштар 33,2%, ноутбук 27,6%, кір жуғыш машина 17,7%, киім мен аяқ киім 10,8%, жеке пайдаланылатын тауарлар 9,4%. Бір жыл ішінде баллондардағы сұйытылған газ 23,2%-ке, АИ-92 маркалы бензин 16,0%-ке, АИ-95/96 маркалы бензин 14,1%-ке қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында бір жыл ішінде келесі тауарлардың бағасы төмендеді: аяқ киімі жөндеу – 10,1%, пошта қызметтері 8,9%, автосақтандыру 6,5%. 2024 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда Дубайда демалу құны 47,5%-ке, тұрғын үйді жалға алу құны 14,8%-ке, денсаулық сақтау қызметтері 14,5%-ке, қоғамдық тамақтандыру 14,0%-ке, көлік қызметтері 10,9%-ке, білім беру 8,6%-ке өсті.

Бір жыл ішінде суық судығ тарифі 13,1%-ке төмендеді, ал келесі қызметтердің тарифтері өсті: су бұру қызметтері 18,7%, орталық жылыту 5,8%, қоқыс шығару 8,5%, ыстық су – 4,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 13,8%.

Азық-түлік емес тауарлар бағасының қалыпты қарқыны және қызмет көрсету секторындағы өсудің баяулауы баға қарқынының біртіндеп қалыпқа келу белгілерін көрсете отырып, салыстырмалы баға тұрақтылығының алғышарттарын қалыптастырады.




Қарау саны: 86
Сақталған: 08.01.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!