Әлемде әртүрлі ұйымдар құрастыратын және түрлі салаларды қамтитын көптеген халықаралық рейтингтер бар. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік, адами капитал сапасы, мемлекеттік басқару, құқықтық қатынастар, инновацияларды дамыту, экология және т.б. салаларда. Бүгін біз елдің халықаралық рейтингтерге қатысуының қандай практикалық маңызы бар екенін айтамыз.
Біріншіден,
халықаралық рейтингтер елдің сыртқы
қабылдауын қалыптастырады. Жоғары
позициялар халықаралық аренада
танымалдылықты арттырады, сондай-ақ
мемлекеттің іскерлік беделін нығайтады.
Екіншіден,
рейтингтер – шетел инвесторларын тарту
тетіктерінің бірі.
Инвесторлар үшін рейтингтер – іскерлік
ортаны, институционалдық тұрақтылықты
және тәуекел деңгейін, сондай-ақ
экономикалық саясаттың болжамдылығы
мен реттеу сапасын бағалауда бастапқы
бағдар.
Үшіншіден,
рейтингтер әлемдік тәжірибеде үздік
нәтиже көрсететін басқару шешімдері
мен реформаларды анықтауға мүмкіндік
беру арқылы елдер арасында тәжірибе
алмасуға ықпал етеді.
Мемлекеттік
саясатты қалыптастыратын мемлекет
қайраткерлері, сарапшылар мен талдаушылар
үшін мұндай рейтингтер ерекше мәнге
ие, өйткені олар елдің бәсекеге қабілетті
және осал жақтарын анықтауға мүмкіндік
беріп, әртүрлі деңгейлерде шешім
қабылдауда қолданыла алады.
Осылайша,
халықаралық рейтингтер – әлем елдерінің,
оның ішінде Қазақстанның дамуын
салыстырудың кешенді және кең форматты
құралы.
Аймира Мұратқызы
Стратегиялық талдау орталығының жетекші сарапшысы