2025 жылғы ОДМ іске асыру қорытындылары шығарылды және 2026 жылға арналған Шаралар жоспарының жобасы қарастырылды

12.01.2026

2026 жылғы 9 қаңтарда онлайн-форматта ОДМ-ға қол жеткізуді мониторингтеу комитетінің отырысы өтті. Іс-шараның модераторы – ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова.

Кездесу барысында қатысушылар 2025 жылдың қорытындысын талдап, алдағы кезеңге стратегиялық басымдықтарды бекітті.

Күн тәртібінің бірінші бөлігі аясында ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары Саят Кенебаев 2025 жылғы ОДМ іске асыру қорытындылары туралы баяндама ұсынды. Әрі қарай Экономикалық зерттеулер институты ОДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар ОДМ комитетінің мүшелеріне 2026 жылға арналған шаралар жоспарының жобасын қарауға ұсынды. Бұл жоспар ведомствоаралық үйлестіру мен мониторингті күшейтуге, талдау мен есептілікті дайындауға, сондай-ақ бизнесті, ҮЕҰ-ны, ЖОО-лар мен өңірлерді 2030 жылғы Күн тәртібінің іске асырылуына тартуға бағытталған. Құжат жобасында цифрландыруға ерекше назар аударылды: ҮЕҰ және ESG-ақпаратты ашатын компаниялардың дерекқорын қалыптастыру көзделген.

ESG қағидаттарын енгізу мәселесін Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық шартының менеджері Максим Подберезкин егжей-тегжейлі атап өтті. Ол ESG-шарттары мен жаһандық ОДМ-ға қол жеткізу арасындағы тікелей байланыстың болуына тоқталып, бұл тәсіл бизнеске қаржылық және беделді тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстанда ESG-практикалар кезең-кезеңімен дамиды: компаниялар қаржылық емес есептілікті және орнықты даму стратегияларын енгізеді, тәуекелдерді бағалайды, бейінді бөлімшелерді қалыптастырады және персоналды оқытуға инвестиция салады. 2023 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстан ESG (Risk Watch Initiative) индексінде 183 елдің ішінде 52-ші орында.

ESG-ді ілгерілетуде адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы 10 әмбебап қағидатқа негізделген жауапты бизнестің негізгі халықаралық платформасы БҰҰ-ның Жаһандық шарты маңызды рөл атқарады. Орталық Азияда желі 146 қатысушыны, соның ішінде Қазақстаннан 107 компанияны біріктіреді.

Спикер қазақстандық бизнестің орнықты дамудың жаһандық күн тәртібіне тартылуы 2025 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен Central Asia's New Silk Road to Sustainability форумына қатысуда көрініс тапқанын атап өтті.



Қарау саны: 79
Сақталған: 21.01.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!