Экономикалық зерттеулер институтында Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық басымдықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

14.01.2026

Бүгін Институттың ұйымдастыруымен «Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық бағдарлары мен басымдықтары» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген сұхбатында белгілеген негізгі тезистер мен басымдықтарды, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді перспективада ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарларды сараптамалық талқылауға арналды.

Дөңгелек үстел технологиялық, демографиялық және құрылымдық өзгерістерді ескере отырып, экономикалық саясат бағдарларын кешенді талдау мақсатында мемлекеттік органдар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің басын қосты.

Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерділда Таутенов дөңгелек үстел қатысушыларын алғысөзбен қарсы алып, Мемлекет басшысының сұхбаты экономикалық өсудің болашақ моделі және оны қалыптастырудағы сараптамалық қоғамдастықтың рөлі туралы кәсіби пікірталас жүргізудің маңызды негізін белгілейтінін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы – э.ғ. к., Институттың жетекші ғылыми қызметкері, Ғылыми кеңесінің мүшесі Азамат Нұрсейітов.

Талқылау барысында цифрлық трансформация мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2026 жылды цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялау түрлі салаларда жеке цифрлық шешімдерден ЖИ-ны жүйелі енгізуге көшуді көрсететіні атап өтілді.

Бұл тақырыпты Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун қозғап, жасанды интеллекттің бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және елдің жаңа индустриялық саясатын қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында Экономикалық зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің төрағасы, э.ғ. д. Сара Алпысбаева экономикадағы негізгі ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді және өсудің неғұрлым тұрақты моделіне көшу туралы өзінің көзқарасын білдірді.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әлеуметтік сала департаменті директорының орынбасары Ақмарал Жақиенова білім беру мен жұмыспен қамту жүйесін бейімдеудің маңыздылығын атап өтіп, демографиялық және технологиялық өзгерістер жағдайында еңбек нарығын трансформациялауға тоқталды.

Экономикалық зерттеулер институты Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары Шынар Төлешова өңірлік даму мен экономикалық әлеует үшін демографиялық сын-қатерлер мен онымен байланысты тәуекелдер туралы айтып берді.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының Экономикалық зерттеулер орталығының бас сарапшысы Бибігүл Өмірбаева тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі ретінде денсаулық сақтау жүйесі мен халықтың денсаулығына инвестиция салудың рөліне назар аударды.

Іс-шараға «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкерлері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, әрі қарай талдамалық жұмыста және Қазақстанның экономикалық саясаты саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдады.

Экономикалық зерттеулер институтының алаңында пікірталас талқылауларының әлі де жалғасатыны анық.



Қарау саны: 77
Сақталған: 14.01.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!