Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптың шақыруымен Швейцарияның Давос қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар 19-23 қаңтар аралығында өтетін және дәстүрлі түрде мемлекет басшылары, халықаралық ұйым жетекшілері және жаһандық бизнес өкілдерінің басын қосатын Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өтеді.
Жұмыс
сапарының басты оқиғасы – Мемлекет
басшысының АҚШ-тың Газа секторындағы
жағдайды реттеуге жәрдемдесу үшін
бастамашылық еткен жаңа халықаралық
институт Бейбітшілік кеңесінің жарғысына
қол қою рәсіміне қатысуы. Қазақстан
Кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің
қатарына кіруге және оның жұмысына
қатысуға шақырылды. Бұл елдің сыртқы
саяси бағытына деген сенімнің жоғары
деңгейін және оның халықаралық аренадағы
жауапты әріптес ретіндегі беделін
көрсетеді.
Бейбітшілік
кеңесі тұжырымдамаға сәйкес стратегиялық
қадағалау, халықаралық қаржы және
институционалдық ресурстарды жұмылдыру,
сондай-ақ Газа секторын қалпына келтіру
және әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыруға
байланысты міндеттемелердің орындалуын
мониторингтеу функцияларын орындайды.
Дипломатияда, инфрақұрылымдық дамуда
және экономикалық стратегияда тәжірибесі
бар халықаралық көшбасшылардың шектеулі
санынан құрылтай кеңесін, сондай-ақ
ұйымның мандаты шеңберіндегі қызметтің
үйлестірілуін қамтамасыз ететін атқарушы
органды қалыптастыру көзделеді.
Бейбітшілік
кеңесінің институционалдық архитектурасы
шеңберінде құрылтай атқарушы кеңесінің
әрбір мүшесі Газа секторындағы жағдайды
тұрақтандыру үшін аса маңызды жеке
бағытқа жетекшілік ететіні көзделген.
АҚШ
әкімшілігі Бейбітшілік кеңесінің
форматы халықаралық өзара іс-қимылдың
кең платформасы ретінде ойластырылғанын
және тек Газа секторының мәселелерімен
шектелмейтінін атап өтті. Ақ үйдің
мәліметінше, Кеңес жұмысына 58 әлемдік
көшбасшы шақырылған. Жаңа ұйымның
жұмысына қатысу үшін АҚШ президенті
Еуропалық Комиссияның және 50-ден астам
мемлекеттің өкілдерін шақырды.
Қазақстан
Президентінің Бейбітшілік кеңесінің
жарғысына қол қою рәсіміне және
Дүниежүзілік экономикалық форумның
іс-шараларына қатысуы халықаралық
қауіпсіздік, тұрақты даму және жанжалдан
кейінгі аумақтарды қалпына келтіру
мәселелерін қоса алғанда, елдің жаһандық
күн тәртібінің белсенді қатысушысы
ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал
ететін болады. Бейбітшілік кеңесінің
жұмысына қосылу Қазақстанның негізгі
жаһандық сын-қатерлер бойынша көпжақты
халықаралық бастамалар мен диалогқа
қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Форум
аясында шетелдік көшбасшылармен және
іскер топтардың өкілдерімен кездесулер
жоспарланған. Аталған кездесулер
барысында инвестициялық және
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың
перспективалары талқыланады.
Ажар Әлішева
Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының аға сарапшысы