Ондаған жылдар өткен соң дәл сол күні: Институттың Ғылыми кеңесі 22 қаңтарда қайта жиналды
23.01.2026
![]() 1961 жылы желтоқсанда Институт бойынша алғашқы бұйрық шығарылды және Институттың 32 жетекші ғалымнан тұратын Ғылыми кеңесінің алғашқы құрамы бекітілді. Оның бірінші төрағасы Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті С.Баишев болды. 1962 жылы 22 қаңтарда Ғылыми кеңестің бірінші отырысы өтіп, Институттың алдағы кезеңге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары қаралды. Кеңестің күн тәртібі – жаңа ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша техникалық тапсырмаларды қарау және талқылау. 2026 жылғы 22 қаңтарда Экономикалық зерттеулер институтының қабырғасында Ғылыми кеңестің осы жылғы алғашқы отырысы өтті. Жұмысқа Институттың Ғылыми кеңесінің мүшелері қатысты. Институттың Ғылыми кеңесінің төрағасы С. Н.Алпысбаева отырысты алғысөзбен бастап, ұсынылған зерттеу тақырыптарының өзектілігін және олардың Институттың ғылыми қызметін одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Б. Хамбар, Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Ә. А. Райыпов, Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының директоры С. Т. Көшербаев баяндама жасады. Отырыс барысында ұсынылған зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері, әдіснамалық тәсілдер, ғылыми жобаларды іске асырудың мерзімдері мен күтілетін нәтижелер талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес мүшелері зерттеулердің техникалық тапсырмаларын пысықтау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізіп, кейін оларды мемлекеттік органдармен одан әрі келісуге жіберді.
Қарау саны: 53 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|