Экономикалық зерттеулер институтында су ресурстарын басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті

23.01.2026

2026 жылғы 23 қаңтарда Экономикалық зерттеулер институтында «Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Институт тарапынан іс-шараға Д. Н. Әкебаев, Б. Хамбар, Р. Насырхан, А. Байтұрсын, Д. Ф. Гафятуллина, Г. К. Қашқынбекова қатысты.

Институт Басқарма төрағасының орынбасары Д. Н. Әкебаев алғысөз сөйлеп, су ресурстарын басқару саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ департаменттерінің Басқарушы директоры Н.Н. Абаев Орталықтың қызметі туралы таныстырылым ұсынып, бассейндік жоспарларды әзірлеу әдіснамасы, жоспарлаудың жаңа жүйесі, Қазақстан Республикасы Су ресурстарын ұлттық басқарудың бас жоспарын дайындау барысы, сондай-ақ сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу және WEAP моделін қолдану туралы айтып берді.

Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық деректерді жинау, талдау және интеграциялау бөлігінде одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бас жоспар мен бассейндік жоспарлар су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыратын іргелі құжаттар екені атап өтілді.

Талқылауға «Су ресурстары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ өкілдері А. С.Мырзағалиева, Г. Н. Бегімше, С. М. Шақабаев, Т. Қ. Қошқарбек, сондай-ақ сыртқы сарапшы Қ. С. Бейсенғазин қатысты.



Қарау саны: 66
Сақталған: 27.01.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!