Халықтың жас құрылымын және демографиялық жүктеме коэффициенттерін талдау моноқалалардың демографиялық дамуының тұрақтылығын, олардың еңбек нарығы үшін әлеуетті тәуекелдерін және әлеуметтік-экономикалық өсу перспективаларын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл талдау өңірлік саясатты, әлеуметтік инфрақұрылымды және ұзақ мерзімді бюджеттік міндеттемелерді жоспарлау контекстінде ерекше мәнге ие.
2025
жылдың басында Қазақстанның моноқалалары
халқының жалпы санындағы балалардың
үлесі – 26%. Балаларды әлеуметтік қолдауға
байланысты салыстырмалы түрде жоғары
бюджеттік міндеттемелерге қарамастан,
бұл демографиялық құрылым орта мерзімді
перспективада оң фактор ретінде
қарастырылады. Алдағы 10-15 жыл ішінде
қазіргі балалар буынының едәуір бөлігі
еңбекке қабілетті жасқа өтіп, жұмыс
күшін кеңейту және демографиялық қысымды
ішінара өтеу үшін жағдай жасайды.
Сонымен
қатар, моноқалалардағы егде жастағы
халықтың үлес салмағы 12,7% немесе 170 943
адам, бұл жекелеген аумақтар бөлінісінде
сараланған демографиялық тәуекелдердің
болуын көрсетеді.
Қазақстан
бойынша демографиялық жүктеменің жалпы
коэффициенті 2025 жылғы 1 қаңтарға орта
есеппен еңбекке қабілетті жастағы 1000
адамға шаққанда 748 еңбекке жарамсыз
адам. Орташа республикалық деңгейден
асып кету тек екі моноқалада - Жаңаөзенде
(784) және Кентауда (785) тіркелді. Сондай-ақ
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ орташа
республикалық көрсеткіштен аспайтын
көрсеткіш Құлсары қаласында (720) атап
өтілді.
Аталған
моноқалалардағы жалпы демографиялық
жүктеменің жоғары деңгейі көбінесе
балалар жүктемесінің жоғарылауына
байланысты. Орташа республикалық
деңгейден асатын көрсеткіштер бірқатар
моноқалаларда байқалады – бұл балалар
жалпы халық санының 39%-ін құрайтын
Жаңаөзен (691), балалар қала халқының
жалпы санының 35%-ін құрайтын Кентау
(629) және жалпы қалалық халық санындағы
балалардың үлесі 37%-ке жеткен Құлсарды
(622).
Егде
жастағы халықтың жүктемесі Қазақстан
бойынша орта есеппен 1000 еңбекке қабілетті
халыққа шаққанда 212 қарт адамды құрайды.
Бұл көрсеткіштің артуы 10 моноқалада
байқалды – Степногорск, Алтай, Риддер,
Абай, Теміртау, Шахтинск, Жітіқара,
Лисаковск, Рудный және Кентау. Егде
жастағы халықтың ең жоғары үлесі Алтай
(21%) және Жітіқара (24%) қалаларында
тіркелген, бұл халықтың қартаюының
айқын процесін және еңбек ресурстарын
қалыптастыру мен молықтыру үшін ықтимал
шектеулердін бар екенін көрсетеді.
Моноқалалар халқының жас құрылымы және демографиялық жүктеме коэффициенттері

Жалпы,
моноқалалардың қалыптасқан демографиялық
құрылымы өңірлік саясат үшін «қос»
сын-қатерді қалыптастырады. Бірқатар
қалаларда балалардың жоғары үлесіне
байланысты демографиялық жүктеменің
жедел өсуі негізгі қауіп төндіреді.
Басқа моноқалаларда, керісінше, еңбек
ресурстарының қысқаруымен және
экономикалық белсенділіктің төмендеуімен
қатар жүретін халықтың демографиялық
азаюы мен қартаю процестері күшейе
түсуде.
Осыған
байланысты демографиялық параметрлер
жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылым
және ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлау
саласындағы шешімдер экономикалық
мамандандыруға ғана емес, сонымен бірге
халықтың қалыптасқан жас құрылымына
да негізделуі тиіс әр аумақтың ерекшелігін
ескере отырып, моноқалаларды дамыту
саясатын құрудың орындылығын көрсетеді.
Аманжолова
Әйгерім,
Өңірлік
зерттеулер және өмір сапасы орталығының жетекші
сарапшысы