Елдегі тұтынушылық инфляция жеделдеп, жылдық мәнде 12,2%-ке жетті. Азық-түлік жыл ішінде 12,9%-ке ұлғайып негізгі өсім көрсетті.
2026
жылдың қаңтар айында елдегі инфляция:
-
2025 жылғы қаңтарға қатысты 12,2%
(өткен
айда 12,3%);
-
2025 жылғы желтоқсанға қатысты 1,0%
(өткен
айда 0,9%).
Жылдық
мәнде:
-
азық-түлік бағасы 12,9% - ке
(0,8%
а/а)
өсті;
-
азық-түлік емес тауарлардың бағасы
11,7%-ке (1,2%
а/а)
өсті;
-
ақылы қызметтердің бағасы 12,0%-ке (1,1%
а/а)
қымбаттады.
Инфляция
қарқынына негізгі
үлесті
азық-түлік
қосады
– 45,1%
(яғни, жалпы инфляцияның 12,2%-нен
5,5%-і
азық-түлікке тиесілі), бұл кейінгі
жылдарда жоғары көрсеткіштердің бірі.
2025 жылдың қаңтар айында азық-түлік үлесі
жалпы инфляцияның 26,9%-не
ие болды.
2024
жылы ең көп үлес қосқан ақылы қызметтердің
үлесі – 28,4%.
2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда олардың
инфляцияның жалпы қарқынындағы үлесі
44,9%-тен 28,4%-ке
дейін 16,5 п.т-ға төмендеді. Бұл ретте
өткен аймен салыстырғанда ақылы
қызметтердің үлесі 0,7
п. т. төмендеді.
Азық-түлік
емес тауарлардың үлесі 2025 жылғы қаңтардағы
28,1%-тен
2026 жылғы қаңтарда 26,8%-ке
дейін азайды.
Азық-түлік арасында бір жыл ішінде ең қатты қымбаттаған тауарлар:
- Ет
және құс еті – 23,0%;
Шұжық
– 19,0%;
Алкогольсіз
сусындар – 16,8%;
Май
мен тоң май – 12,7%;
Ірімшік
және сүзбе – 12,4%;
Ашытылған
сүт өнімі – 11,5%;
Сүт
– 10,9%;
Жеміс,
жидек және жаңғақ – 9,8%;
Нан
және нан-тоқаш өнімі – 8,5%;
Жарма
– 8,2%.
Көкөніске
жылдық бағаның 2,7%-ке төмендеуі
тіркелді.
Азық-түлік
емес тауарлардың арасында бір айда ең
арзандаған тауарлар: асханалық ыдыс-аяқ
жиынтығы - 7,1%,
электр ет тартқыш –
2,8%,
жаңа жеңіл автомобильдер –
2,2%,
азитромицин –
1%.
2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда ең
қатты қымбаттаған тауарлар: су негізіндегі
бояулар – 9,2%,
әйел сөмкесі –
6,7%, кір жуғыш ұнтақ –
6,3%,
төсек-орын жиынтығы, кір сабын –
5,9%.
Ақылы
қызметтер саласында бір жыл
ішінде келесі тауарлардың бағасы
қымбаттады: музыканы оқыту бойынша
мектептен тыс сабақтар – 2,3%, ұялы
телефонды жөндеу - 2,2%.
Бір айда
келесі тауарлардың бағасы қымбаттады:
спорт залдарының қызметі – 1,2%, киімді
тазалау - 0,7%, шет тілдерін оқыту курстары
- 0,2%.
Бір
жыл ішінде суық судың тарифі 12,9%-ке
төмендеді,
ал келесі қызметтердің тарифтері өсті:
су бұру қызметтері - 18,7%, орталық жылыту
–
3,9%,
қоқыс шығару –
9,0%,
ыстық су –
3,1%,
тарату желілері арқылы тасымалданатын
газ -
14,6%.
Қазақстандағы
жылдық
тұтынушылық инфляция
2025
жылғы желтоқсандағы
12,3%-пен
салыстырғанда
2026 жылғы қаңтарда
12,2%-ке
дейін баяулады. Сонымен қатар, азық-түлік
секторындағы инфляция бағаның жалпы
деңгейіне айтарлықтай қысым жасай
отырып, ең үлкен үлеске ие болып отыр.