Қазақстан «ЭЫДҰ Еуразия апталығында»: бәсекеге қабілеттілік пен реформаларға назар аудару

10.02.2026

2026 жылғы 2-4 ақпан аралығында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде «Мүмкіндіктер кілті – болашақтың кепілі» тақырыбында «ЭЫДҰ Еуразия апталығы» өтті. 

Іс-шараға Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерінен, ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерден 200-ден астам делегат, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, бизнестің, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері жиналды.

Қазақстандық делегация құрамында іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Нығметов пен Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Ә. Райыповты қоса алғанда, Экономикалық зерттеулер институтының өклідері қатысты.

Іс-шара барысында экономикалық реформаларды ілгерілетуде, сауда рәсімдерін дамытуда, көліктік байланыста және өңір елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ЭЫДҰ-ның талдамалық жұмысы мен практикалық ұсынымдарының маңызды рөлі атап өтілді.

ЭЫДҰ-ның «Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: Молдова Республикасының тепе-тең бағалауы» дөңгелек үстелі аясында Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Нығметов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру үшін Қазақстанда қолданылатын реттеуші және басқарушылық тетіктер тақырыбына тоқталып, осы процесте ЭЫДҰ-ның сараптамалық қолдауының маңызды рөлін атап өтті.

Анықтамалық:
«ЭЫДҰ Еуразия апталығы» – 2008 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясындағы жыл сайынғы кездесу. Іс-шара Еуразия елдері мен ЭЫДҰ арасындағы өңірдің бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы сараптамалық-талдамалық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.



Қарау саны: 27
Сақталған: 10.02.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!