Ауылдық аумақтарды дамыту: инфрақұрылым, инвестициялар және өмір сүру сапасының жоғарылауы

10.02.2026

Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Үкімет бірқатар жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

2023 жылы халық табысының өсуі және өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелері мен әлеуметтік инфрақұрылымды Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестікке келтіру негізінде ауылдық аумақтарды дамытудың орнықтылығын арттыруға бағытталған Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) қабылданды.

Тұжырымдама шеңберінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырылады. Оның бастапқы міндеттерінің бірі – еліміздің ауыл халқының 93%-ке жуығы тұратын даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) инфрақұрылымын кешенді жаңғырту.

Жобаны іске асыру басталғаннан, яғни 2019 жылдан 2025 жылға дейін 2,7 мың тірек және серіктес ауылдарда 7,6 мың жобаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 875 млрд теңге бөлініп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 879 нысанды, 2,3 мың әлеуметтік нысанды және 4,3 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы жобасын салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

Кейінгі екі жылда (2024-2025 жж.) ауылдық аумақтарды дамытуға бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен шамамен 2,5 трлн теңге (РБ – 1,1 трлн теңге, ЖБ – 1,4 трлн теңге, басқа қаржы көздері – 115 млрд теңге) бөлінді.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Жайлы мектеп» Ұлттық жобалары шеңберінде жүзеге асырылады, оларды іске асыру 601 МСАК объектісін және 33 заманауи мектепті салуға мүмкіндік берді.

Басым міндеттер – ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері. 2025-2029 жылдар кезеңінде 8 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту және салу жоспарланып отыр (сумен жабдықтау – 5 мың км, су бұру – 2,8 мың км).

Ауыл дамуының маңызды элементі – талшықты-оптикалық байланыс желілері (бұдан әрі – ТОБЖ) құралдары арқылы тұрақты Интернетке қол жеткізу

Бүгін 2,6 мың АЕМ магистральдық ТОБЖ арқылы қосылған. 2026 жылдың соңына дейін тағы 3 000 ауылды магистральдық ТОБЖ-ға қосу жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралар ауылдардың 90%-тен астамын сымды технологиялар бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асырудың нәтижесінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын байқалады, мысалы, 2019 жылдан бастап даму әлеуеті бар ауылдардағы халық саны 320 мың адамға өсіп, 6,9 млн адамға жетті, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,2 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,5 есе өсіп, 738 млрд теңгеге жетті.


Динара Мукушева

Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығы директорының орынбасары



Қарау саны: 31
Сақталған: 10.02.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!