Институт өкілдері ЕО сауда және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшілерінің отырысына қатысты

12.02.2026

Бүгін Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің сауда және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшілерінің отырысына қатысып, Қазақстандағы ағымдағы экономикалық жағдайды, сондай-ақ сауда және инвестициялық салалардың жай-күйін талқылады.

Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Әқебаев баяндама жасады. Іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Таутенов, Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының директоры Сағындық Көшербаев пен Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының директоры Назигүл Жаңақова қатысты.

Баяндамалар барысында еліміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері ұсынылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі – 6,5%. Экономикалық өсу нақты сектордың кеңеюімен қамтамасыз етілді: тауарлар өндірісі 8,7%-ке, қызметтер 5,3%-ке ұлғайды. Даму қарқынына сауда, көлік және қоймалау, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай үлес қосты.

Сыртқы саудаға ерекше назар аударылды. Қазақстан жаһандық сауда жүйесіне белсенді интеграцияланған. 2025 жылы ел ДСҰ мен ЕАЭО-ға мүшеліктің 10 жылдығын атап өтті, бұл оның халықаралық нарықтардағы позициясының нығаюына әсер етті.

Талқылау аясында логистиканы әртараптандыру, баламалы халықаралық бағыттарды дамыту, сондай-ақ CBAM (Carbon Border Adjustment Mechanism) тетігін қоса алғанда, сыртқы факторлардың ел экспортына әсер ету мәселелері қозғалды. ЕО Қазақстанның негізгі сауда және жетекші инвестициялық серіктесі мәртебесін сақтап отырғаны атап өтілді.

Экономикалық зерттеулер институты инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сауда байланыстарын нығайтуға және Қазақстанның орнықты экономикалық өсуін қолдауға бағытталған одан әрі сындарлы диалог пен сараптамалық өзара іс-қимылға дайындығын растады.



Қарау саны: 26
Сақталған: 12.02.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!