2026 жылғы 11–12 ақпанда гибридтік форматта Киім және аяқ киім секторындағы тиісті тексеру жөніндегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Форумы өтті. Форум аясында жаһандық жеткізу тізбектерінің заманауи сын-қатерлері мен жауапты бизнес жүргізуді қамтамасыз ету тетіктерін талқылауға бағытталған бірқатар бейінді сессиялар ұйымдастырылды. Экономикалық зерттеулер институтының, Әлемдік экономика зерттеу орталығының сарапшылары Форумның тақырыптық сессияларына онлайн форматта қатысты.
«Navigating
supply chain shocks: balancing agility with due diligence» сессиясы
барысында жаһандық күйзелістердің
жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына
әсері, оның ішінде сауда шектеулері,
логистикалық іркілістер және геосаяси
тұрақсыздық мәселелері талқыланды.
Белгісіздік жағдайында тәуекелдерді
азайту және тұрақтылықты қамтамасыз
ету құралы ретінде тиісті тексеру
тетіктерінің рөлі атап өтілді.
«The
missing millions: Due diligence in informal settings» сессиясы
кейбір елдерде үлесі 90%-ға дейін жететін
сектордағы бейресми жұмыспен қамту
мәселелеріне арналды. Үйде жұмыс істейтін
қызметкерлер мен қалдықтарды жинаушыларды
айқындау тәсілдері, сондай-ақ бейресми
еңбек жағдайларына тиісті тексеру
рәсімдерін бейімдеу мәселелері
қарастырылды.
«Supply
chains 4.0: Due diligence implications of e-commerce-driven business
models» сессиясы барысында электрондық
коммерция мен сұранысқа негізделген
өндіріс модельдерінің жеткізу
тізбектерінің құрылымына әсері, оның
ішінде өндірістік циклдердің жеделдеуі
және сатып алу тәжірибелерінің өзгеруі
талқыланды. Жауапты бизнес жүргізу
саласындағы реттеушілік және корпоративтік
тәсілдерді түзету қажеттігі атап өтілді.
«From
risks to resilience: Due diligence to respond to climate-related
impacts on workers» сессиясы жұмысшылар мен
өндіруші елдерге климаттық тәуекелдердің
әсеріне арналды. Климаттық әсерлерге
дайындық құралдары, соның ішінде
кәсіпорын деңгейіндегі бейімделу
шаралары және сатып алу тәжірибелерін
жетілдіру мәселелері талқыланды.
«RBC for a
Just Transition» сессиясы аясында төмен
көміртекті экономикаға көшу үдерісінің
әлеуметтік-экономикалық аспектілері
және жұмысшылар мен жергілікті
қауымдастықтардың мүдделерін ескере
отырып әділ көшу процесін қамтамасыз
етудегі бизнестің рөлі қарастырылды.
Форумға
қатысу тиісті тексеру тетіктерін
енгізудің өзекті халықаралық тәсілдерімен
танысуға және оларды орнықты даму мен
жауапты бизнес жүргізу саласында
аналитикалық ұсынымдар әзірлеу барысында
ескеруге мүмкіндік берді.