Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылы 1,3% өсті
16.02.2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы тауарайналым 143,9 млрд АҚШ долларына жетіп, былтырмен салыстырғанда 1,3% артты. Жалпы сыртқы сауда көлемі ұлғайғанымен, экспорт 3,2%-ға төмендеп, 73,04 млрд АҚШ долларын құрады. Ал импорт қарқыны, керісінше, жоғарылап 7,4%-ға өсіп, 64,85 млрд АҚШ долларына жетті. Соған қарамастан, сауда балансының оң сальдосы 14,2 млрд АҚШ доллары деңгейінде қалды.
ҚР сыртқы сауда айналымының негізгі көрсеткіштері 
Дерекөөз:
ҚР СЖжРА ҰСБ
Экспортқа
шыққан негізгі тауарлар: - шикі
мұнай – 39,9 млрд АҚШ доллары (жалпы
экспорттағы үлесі – 50,5%)
- уран
– 4,2 млрд АҚШ доллары (5,3%)
- тазартылған
мыс және мыс қорытпалары – 4,1 млрд АҚШ
доллары (5,2%)
- мыс
кендері мен концентраттары – 2,9 млрд
АҚШ доллары (3,6%)
- ферроқорытпалар
– 1,6 млрд АҚШ доллары (2,6%)
Импорттағы
негізгі тауарлар: - жеңіл
автокөліктер – 2,8 млрд АҚШ доллары
(жалпы импорттағы үлесі – 4,4%)
- дәрілік
заттар – 1,8 млрд АҚШ доллары (2,8%)
- телефон
аппараттары – 1,5 млрд АҚШ доллары (2,4%)
- моторлы
көлік шанақтары – 1,5 млрд АҚШ доллары
(2,3%)
- моторлы
көліктің бөлшектері мен керек-жарақтары
– 1,3 млрд АҚШ доллары (2,2%)
Қарау саны: 27
Сақталған: 16.02.2026
|