2026 жылдың қаңтарында SuperSymmetry институты Жаһандық Оңтүстік қалаларының бәсекеге қабілеттілік рейтингі (Global South City Competitiveness Index, GS-CCI 2025/2026) ұсынылған Driving Urban Advantage in the Next Economy баяндамасын жариялады.
Рейтинг
нәтижелері бойынша Алматы
көрші Ташкент пен Бішкек қалаларынан
озып, 27-ші орынға
ие болды. Бұл қаланың жаһандық аренада
өз позициясын сенімді түрде нығайтып,
одан әрі экономикалық өсу, инвестициялар
тарту және кәсіпкерлікті дамыту үшін
әлеуетін көрсететінін растайды.
GS-CCI
2025/2026 –
бұл Жаһандық Оңтүстік қалаларының
бәсекеге қабілеттілігін және олардың
іскерлік ортасының сапасын бағалайтын
халықаралық индекс. Бұл қаланың
экономикалық негіздерін және оның
инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті
дамыту және тұрақты өсуді қамтамасыз
ету қабілетін өлшеуге бағытталған
кешенді талдамалық құрал. Ол сондай-ақ
қалаларды бір-бірімен салыстыруға
мүмкіндік береді және халықаралық
ынтымақтастық пен озық тәжірибелермен
алмасуға ықпал етеді.
GS-CCI
нені бағалайды
GS-CCI
индексі қалалардың бәсекеге қабілеттілігін
үш бағыт бойынша бағалайды:
Экономикалық
және қолдау ортасы (Economic & Enabling
Environment) – қала бизнес, инвестициялар
және қаржылық қызмет үшін қаншалықты
қолайлы;
Инфрақұрылым
және жүйелер (Infrastructure & Systems) – көлік,
логистикалық, цифрлық және коммуналдық
инфрақұрылымның сапасы;
Таланттар
мен өмір сапасы (Talent & Liveability) – білікті
кадрлардың, білім беру мекемелерінің
болуы, өмір сүру және жұмыс істеу
жағдайлары.
Жиынтықта
бұл бағыттар қаланың болашақ экономикасында
қаншалықты тиімді бәсекелесе алатынын
және жаһандық инвестицияларды тарта
алатынын көрсетеді.
Рейтинг
әлемдегі ең ірі 48 қаланы қамтиды: Жаһандық
Оңтүстіктің 40 қаласы және салыстыру
мысалы ретінде 8 жетекші әлемдік көшбасшы
қала.
Алматы
позициясы және оның күшті жақтары
Алматы
дамыған
инфрақұрылым мен іскерлік орта үшін
жоғары баға алды.
Қалада заманауи көлік және логистикалық
желілер, кеңсе және іскерлік кеңістіктер,
сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым жұмыс
істейді, бұл бизнестің жұмысын жеңілдетеді
және экономикалық тиімділікті арттырады.
Қала
инвестициялық тартымдылық пен білікті
кадрлардың болуына байланысты да жеңіске
жетеді.
Мұнда
халықаралық компаниялар, қаржы
институттары және стартап мүмкіндіктері
бар, ал білім беру мекемелері мамандарды
тұрақты қамтамасыз етіп отырады. Бұл
факторлар Алматыға көрші астаналардан
озып, рейтингте 27-ші орында орналасуға
мүмкіндік берді.
GS-CCI
2025/2026 рейтингінің үздік 5-не
мыналар кірді:
Сингапур
(69,6 балл)
– ашық реттеу, дамыған қаржы жүйесі,
озық инфрақұрылым, инновациялық экожүйе
және жоғары өмір сүру деңгейі бойынша
теңдестірілген көшбасшылықтың арқасында
рейтинг көшбасшысы.
Дубай
(екінші орын, 64,1 балл) –
«Таланттар және өмір сапасы» мен
«Инфрақұрылым және жүйелер» бағыттары
бойынша мықты көрсеткіштер. Қала
заманауи инфрақұрылымды, жоғары дамыған
көлік және цифрлық желілерді, сондай-ақ
өмір мен жұмыс үшін тартымды жағдайды
ұсынып, талантты мамандар мен инвестициялар
үшін тартымды болады.
Бұл
ретте, қолдау көрсететін іскерлік орта
әлі де дамып келеді, бірақ стратегиялық
реформалар мен ауқымды инвестициялар
Дубайға осы кемшіліктердің орнын
толтыруға және қалалардың бәсекеге
қабілеттілігінің әлемдік рейтингінде
жоғары орынға ие болуға мүмкіндік
береді.
Пекин
(үшінші
орын, 63,6 балл)
– ауқымды экономика мен дамыған
инновациялық инфрақұрылымның үйлесімі,
ғылыми-зерттеу орталықтарының шоғырлануы.
Қала күшті іскерлік ортаға, технологиялық
дамудың жоғары деңгейіне және
ғылыми-зерттеу орталықтарының
шоғырлануына ие, бұл оны Жаһандық
Оңтүстік деңгейінде де, Жаһандық
Солтүстіктің жетекші қалаларымен
салыстырғанда бәсекеге қабілетті
етеді.
Шанхай
(төртінші
орын, 60,5 балл)
– мықты инфрақұрылым, ауқымды экономика
және дамыған инновациялық кластерлер.
Қала өнеркәсіптік және қаржылық әлеуетті
заманауи көлік және цифрлық жүйелермен
тиімді үйлестіреді, сондай-ақ инновациялық
кластерлерді белсенді дамытады және
білікті кадрларды тартады, бұл оның
Таланттар мен өмір сапасы саласындағы
позициясын нығайтады.
Гонконг
(бесінші
орын, 59,9)
– іскерлік орта және қаржылық инфрақұрылым
саласындағы көшбасшы, Жаһандық
Оңтүстіктің негізгі бизнес орталықтарының
бірі.
Тұжырымдар
GS-CCI
2025/2026 рейтингі Жаһандық Оңтүстіктің
табысты қалалары дамыған
инфрақұрылымды, тиімді басқаруды және
жоғары өмір сүру деңгейін біріктіре
отырып, әлемдік экономикалық орталықтармен
бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
Алматы
үшін 27-ші орын – бұл қаланың одан әрі
өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту
үшін айтарлықтай әлеуеті бар екендігінің
белгісі.
Инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті
қолдау, инвестициялар мен сапалы
кадрларды тарту қалаға кейінгі
рейтингтердегі позицияларды нығайтуға
және бизнес пен инвесторлар үшін
тартымдылықты арттыруға мүмкіндік
береді.
Базарбаева
Жанерке
аға
сарапшы
