Өңірлік дамудың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес географиялық орналасуын, экономикалық мамандануын, нарықтық байланыстар сипатын және халықты қоныстандыру жүйесін ескере отырып, Қазақстанда 5 макроөңірді бөліп көрсетуге болады:
Макроөңірлердің экономикалық
белсенділігі ұлттық экономиканың
құрылымдық трансформация процестерін
көрсете отырып дамиды.
2010-2024 жылдардағы жалпы өңірлік өнімнің қарқынын талдау мынадай құрылымдық өзгерістерді көрсетті:
- Батыс
макроөңірі
ұлттық экономикадағы өз үлесін біртіндеп
төмендетіп жатыр: көрсеткіш 34%-тен
24%-ке дейін төмендеді. Негізгі фактор
– экономикалық құрылымның шектеулі
әртараптандырылуымен өндіруші салаларға
тәуелділіктің жоғарылығы
Оңтүстік
макроөңір,
керісінше, сервистік және әлеуметтік
секторларды кеңейту арқылы позицияны
нығайтады: оның үлесі 12,1%-тен 15,2%-ке
дейін өсті. Алайда, өнімділігі төмен
ауыл шаруашылығына құрылымдық тәуелділік
сақталып, қайта өңдеу және өнімділіктің
өсу әлеуеті толық іске асырылған жоқ
Солтүстік
өңірлер
тоқырау көрсетеді: олардың үлесі
8,8%-тен 8,6%-ке дейін азайды, бұл өсімдік
шаруашылығына маманданудың шектеулігін
және өңдеу өндірістерінің жеткіліксіз
дамуын көрсетеді
Ірі
агломерациялар
экономикалық өсу орталықтарының рөлін
күшейтеді: олардың ЖІӨ-дегі үлесі
26,1%-тен 33,9%-ке дейін өсті. Сауда және
жылжымайтын мүлік операцияларын қоса
алғанда, қызмет көрсету секторы негізгі
үлес қосады.
Осылайша, макроөңірлерге
әртүрлі даму қарқыны мен құрылымы тән,
бұл олардың экономикалық құрылымы мен
бәсекелестік артықшылықтарын ескере
отырып, стратегиялық жоспарлауда
сараланған тәсіл қолдануды талап етеді.