2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 24,5%-ке төмендеп, 3,2 млрд АҚШ долларына жетті. Экспорт көлемі 47,7%-ке төмендеп, 1,03 млрд АҚШ долларына жетті, бұл ретте импорт көлемі 2,2 млрд АҚШ долларына дейін 4,1%-ке төмендеді.

Негізгі
экспорттық
тауарлар:
- шикі мұнай – 361,4 млн АҚШ долл. (экспорттың
жалпы көлеміндегі үлесі - 35%)
- уран - 286 млн АҚШ долл. (27,7%)
- күміс - 177,8 млн АҚШ долл. (17,2%)
- ферроқорытпалар - 110,6 млн АҚШ долл.
(10,7%)
- тантал және одан жасалған бұйымдар -
20,2 млн АҚШ долл. (2%)
Негізгі
импорттық тауарлар:
- ұшу аппараттары - 293,6 млн АҚШ долл.
(импорттың жалпы көлеміндегі үлесі –
13,6%)
- жеңіл автокөліктер - 267,3 млн АҚШ долл.
(12,4%)
- турбореактивті және турбовинтті
қозғалтқыштар - 192,7 АҚШ долл. (8,9%)
- дәрілік заттар - 77,3 АҚШ долл. (3,6%)
- медицинада
қолданылатын аспаптар мен құрылғылар
– 57,7 млрд АҚШ долл. (2,7%)
Инвестициялық
өзара іс-қимылды ерекше атап өткен жөн:
кейінгі 10 жылда (2015 жылдан бастап 2025
жылдың 9 айына дейін) АҚШ-тан Қазақстанға
тартылған тікелей
шетелдік инвестициялар
көлемі 28,9
млрд долларға жетті, бұл ұзақ мерзімді
экономикалық ынтымақтастықтың жоғары
деңгейін және АҚШ-тың инвестициялық
саладағы серіктес ретіндегі стратегиялық
маңыздылығын растайды.
Осыған орай, 2025 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары кезінде «C5+1» форматында Орталық Азия елдері көшбасшыларының саммиті өтті. Оның қорытындысы бойынша өнеркәсіп, энергетика, медицина, цифрландыру, білім беру және инновациялар сияқты негізгі салаларды қамтитын жалпы құны шамамен 17 млрд доллар 29 екіжақты келісімге қол қойылды.
Анықтамалық:
Air
Astana үшін Boeing 787-9 ұшағын сатып алу, вольфрам
кен орындарын игеру ($1,1 млрд), John Deere ауыл
шаруашылығы техникасын өндіру ($2,5 млрд),
ЖИ және цифрландыру бойынша жобалар
($1,3 млрд), ҚҰБ ҰИК қаржылық келісімдері
(~$1 млрд), Samruk-Kazyna және Ashmore ммедициналық
клиникасын құру ($150 млн) және АҚШ-тағы
химиялық кешен ($130 млн).
Сонымен
қатар, АҚШ өңірлік экономикалық
ынтымақтастықты нығайтуға және
халықаралық тауар айналымын кеңейтуге
жаңа мүмкіндік жасайтын Шығыс пен Батыс
арасындағы негізгі көлік магистралінің
орта дәлізін дамытуға баса назар аударды.