Трамптың жаңа жаһандық тарифі: қазақстандық импортқа 25%-тік баж 15%-ке дейінгі мөлшерлемемен ауыстырылды

23.02.2026

2026 жылдың 20 ақпанында АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамп атқарушы биліктің өкілеттігін асыра пайдаланғанын атап өтіп, бұрын енгізген импорттық баждардың едәуір бөлігін заңсыз деп таныды. Бұған жауап ретінде Трамп Trade Act of 1974 ережелерін қолдана отырып, импортқа 10% мөлшерінде уақытша баж салығын енгізу туралы жаңа жарлыққа қол қойды. Сол күні мөлшерлеме 15%-ке дейін жоғарылады – бұл заңмен рұқсат етілген ең жоғары деңгей.

Осылайша, 2025 жылғы тамыздан бастап қолданыста болған қазақстандық тауарларға қатысты 25 проценттік тариф құқықтық негізін жоғалтады және өзінің қолданысын іс жүзінде тоқтатады. Ол 15%-ке дейін мөлшерде жаңа уақытша тарифтік режиммен ауыстырылады.

Жаңа тарифтік режим 2026 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді және 150 күнге созылады.

Жаңа тарифтік режимге жатпайтын тауарлар тізімі бұрын қолданыста болған тізіммен салыстырғанда кеңейтіліп, тауарлардың жеке санаттарына тариф әсерін ішінара жұмсартады.

Атап айтқанда, жаңа тарифтік режимге жатпайтын тауарлар тізіміне қосымша кейбір ауылшаруашылық өнімдері (сиыр еті, қызанақ және апельсинді қоса алғанда), табиғи ресурстар мен тыңайтқыштар, валюталық мақсатта және құйма түрінде пайдаланылатын металдар, сондай-ақ жекелеген электрондық құрылғылар мен басқа да тауарлар кіреді.

АҚШ белгілеген жаңа тарифтік шаралар 2025 жылғы Қазақстанның АҚШ-қа жалпы экспортының 3,8%-ін құрайтын құны 39,1 млн АҚШ долларынан асатын тауарларға қатысты қолданылады. Олардың ішінде:

  • сутегі, инертті газдар – 10,4 млн АҚШ долл. (АҚШ-қа экспорттың 1%);

  • бидай желімшесі – 9,6 млн АҚШ долл. (0,9%);

  • зергерлік бұйымдар – 5,6 млн АҚШ долл. (0,5%);

  • қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және б/ш профильдер – 3,9 млн АҚШ долл. (0,4%);

  • ферросилиций – 1,7 млн АҚШ долл. (0,2%);

  • басқа тауарлар – 8 млн АҚШ (0,8%).


Қазақстаннан құны 992,5 млн АҚШ долларына тең (96,2%) келесі тауар санаттарына жаңа тарифтік шаралар қолданылмайды:

  • шикі мұнай – 361,4 млн АҚШ долл. (35%);

  • уран – 286 млн АҚШ долл. (27,7%)

  • күміс – 177,8 млн АҚШ долл. (17,2%);

  • феррохром – 95,8 млн АҚШ долл. (9,3%);

  • тантал және одан жасалған бұйымдар – 20,2 млн АҚШ долл. (2%);

  • ферросиликохром – 13,1 млн АҚШ долл. (1,3%);

  • титан және одан жасалған бұйымдар – 10,8 млн АҚШ долл. (1%);

  • басқа тауарлар – 27,6 млн АҚШ долл. (2,7%).


2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларына жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 24,5%-ке төмен. Экспорт көлемі 47,7%-ке төмендеп, 1,03 млрд АҚШ долларына жетті, бұл ретте импорт көлемі 2,2 млрд АҚШ долларына дейін 4,1%-ке төмендеді.



Қарау саны: 28
Сақталған: 23.02.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!