IMD: елдердің бәсекеге қабілеттілігі қалай өлшенеді және Қазақстан қандай орынға ие

11.02.2026

Біз елдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі халықаралық құралдарының бірі IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін (IMD World Competitiveness Ranking) рет-ретімен талдайтын жаңа айдарды іске қосамыз.

Осы айдар шеңберінде рейтингті қалыптастыру әдіснамасы, оның факторлары мен көрсеткіштерінің құрылымы, Қазақстан мен жекелеген елдер позицияларының қарқыны нақты түсіндіріледі.

IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі-1989 жылдан бері Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development, Швейцария) жүргізіп жатқан жыл сайынғы жаһандық зерттеу. Оның негізгі мақсаты – елдердің бизнестің дамуы мен экономиканың тұрақты өсуі үшін қолайлы экономикалық ортаны құруға және қолдауға қаншалықты қабілетті екенін бағалау.

Бағалау 262 өлшемшарт негізінде құрылады. Көрсеткіштердің шамамен үштен екісі ресми статистика негізінде, тағы үштен бірі компаниялар мен ұйымдар басшыларының сауалнамаларының нәтижелері бойынша есептеледі.

IMD әдіснамасында бәсекеге қабілеттілік кеңінен қарастырылады: ол тек экономикалық параметрлерді ғана емес, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін саяси, әлеуметтік, институционалдық және мәдени факторларды да қамтиды.

Қазақстан алғаш рет 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтының бастамасы мен жүйелі жұмысының арқасында IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне енгізілді.

Осы сәттен бастап Институт IMD рейтингінің ұлттық операторы қызметін атқарады.

IMD зерттеуіне жыл сайын ондаған мемлекет қатысады – 2025 жылғы шығарылымда әлемнің 69 елі қамтылған.

Әр елді бағалау төрт негізгі фактор бойынша құрылады: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнес тиімділігі» және «Инфрақұрылым».

Әрбір факторда бес қосалқы фактор қамтылған, экономика мен іскерлік ортаның жай-күйін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін барлығы 20 қосалқы фактор бар.

Факторлар мен олардың қосалқы факторлары шеңберінде Қазақстанның IMD 2025 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позициялары

Осылайша, IMD рейтингі елдердің мемлекеттік басқару сапасынан бастап бизнес жүргізу шарттары мен инфрақұрылымды дамыту деңгейіне дейін күшті және әлсіз жақтары туралы тұтас түсінік береді.

Бұл инвесторлар үшін, сондай-ақ бәсекелес артықшылықтарды талдау және даму басымдықтарын анықтау кезінде мемлекеттік органдар үшін маңызды бағдар ретінде қызмет етеді.

2025 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Швейцария, Сингапур және Гонконг жетекші орынға ие болып, экономикалық даму үшін ең қолайлы жағдайды көрсетті.

Қазақстан 2024 жылмен салыстырғанда өз позициясын бір тармаққа жақсартып, 34-ші орынға ие болды.


IMD 2025 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі елдердің позициялары мен мәндері

Негізгі World Competitiveness Ranking-тен басқа, IMD Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік орталығы өзара байланысты тағы екі рейтинг жариялайды.

Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі (World Digital Competitiveness Ranking) елдердің бизнесте, мемлекеттік басқаруда және қоғамда цифрлық технологияларды енгізуге және пайдалануға дайындығын бағалайды.

Таланттар рейтингі (World Talent Ranking) өз кезегінде елдердің ұзақ мерзімді экономикалық өсу үшін қажетті адами капиталды қаншалықты тиімді дамытып, тартып, ұстап отырғанын көрсетеді.

Бұл рейтингтер елдің әлемдік экономикадағы орнын, оның цифрлық әлеуеті мен адами капиталын, сондай-ақ жаһандық бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.




Қарау саны: 2
Сақталған: 25.02.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!