ҚР еңбек нарығын талдау
27.02.2026
![]() Жалдамалы қызметкерлердің жалпы саны 7,1 млн адам, оның ішінде 3,6 млн ер және 3,5 млн әйел. Жалдамалы қызметкерлер арасындағы әйелдер саны 2024 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 52 мың адамға, ал ерлер саны 42,3 мың адамға өсті. Жұмыспен қамтылғандар арасында қала халқы 5,87 млн адамды, ауыл халқы 3,4 млн адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларына тиесілі. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,1 млн адам, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23%-не тең.
2025
жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамтылғандар
саны
өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
81,9 мың адамға артты, бұл ретте жалдамалы
жұмыскерлердің өсуі 94,3 мың адамға жетті,
ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар
саны 12,4 мың адамға азайды.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі тұрақты және 2025 жылдың IV тоқсанында 4,6%-ке жетті. Бұл ретте жұмыссыздардың жалпы саны 445,7 мың адам, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 мың адамға аз. 15 пен 34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,1%. 2025 жылғы 3-тоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 10%-ке өсті (өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда) және 429 368 теңгеге жетті, нақты жалақы индексі өткен жылдың тиісті тоқсанына қатысты 98%.
Медиандық
жалақы
- 302 584 теңге.
2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі мынадай салаларда байқалады: ақпарат және байланыс (21,5%-ке), ауыл, орман және балық шаруашылығы (18,4%-ке), көлік және қоймалау (17,6%-ке). Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 11%-ке, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және бапталған ауамен жабдықтау саласында 14,5%-ке, ал сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою саласында 15,5%-ке өсті. Орташа айлық жалақының ең аз өсуі келесі салаларда тіркелді: әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы қызмет (0,1%-ке), құрылыс (2,5%-ке), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету (5%-ке).
Сараптамалық пікір. Әрі қарай дамыту үшін сапалы жұмыс орындарын құруға және шағын мен орта бизнес секторын қолдауға назар аудару қажет. Дана Қабылханова, Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығының аға сарапшысы
Қарау саны: 51 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|