Бүгін Экономикалық зерттеулер институтында Басқарма мүшелерінің институттың ғылыми-зерттеу аппаратымен жұмыс кездесуі өтті.
Талқылауға
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Қайсар Нығметов, Басқарма төрағасының
орынбасарлары Ерділда Таутенов пен
Дастан Әкебаев қатысты.
Басты
назарда – ғылыми қызметті дамытудың
негізгі бағыттары, Ғылыми кеңестің
жұмысы және алдағы кезеңге арналған
стратегиялық міндеттер.
Қатысушылар
жаңа Конституция жобасын талқылап, оның
елдің одан әрі институционалдық дамуы
мен экономикалық реформалардың құқықтық
негіздерін нығайтудағы маңыздылығын
атап өтті.
Институттың
65 жылдығына арналған мерейтойлық
халықаралық конференцияға дайындық,
ғылыми-зерттеу аппаратының жұмыс
жоспарлары, ұжымдық монографияның
дайындалуы, сондай-ақ халықаралық ғылыми
интеграцияны кеңейту мәселелері қаралды.
Тәлімгерлік
мәселелеріне, жас қызметкерлермен
бірлескен авторлықты дамытуға, ғылыми
мектепті тапсыруға және зерттеушілер
ұрпақтарының сабақтастығын нығайтуға
да ерекше назар аударылды.
Институттың
ғылыми-зерттеу аппараты жас ғалымдармен
жүйелі жұмыс істеудің және институттың
ғылыми бағыттарының тұрақты дамуын
қамтамасыз ететін институционалдық
жадыны сақтаудың маңыздылығын атап
өтті.
Кездесуге
экономика ғылымдарының докторы,
профессор, Ғылыми кеңестің төрағасы
Алпысбаева Сара Нұрбекқызы; экономика
ғылымдарының докторы, Ғылыми кеңес
төрағасының орынбасары Ахметжанова
Салтанат Бурақызы; экономика ғылымдарының
докторы, Ғылыми кеңестің мүшесі Жақыпова
Шахарбану Шорманқызы қатысты.