2026 жылғы 2 наурыздан бастап Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бұйрығымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы болып Біржан Баткеев тағайындалды.
Біржан Баткеев – экономика саласы бойынша доктор (Ph.D.), АҚШ, Еуропа және Қазақстанның жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарында ғылыми әрі академиялық жұмыс істеген зерттеуші және оқытушы. Ол 2016 жылы Гарвард университетінің Davis Center-не зерттеуші ретінде арнайы шақырылды. Сонымен қатар бүкіл әлемнен Халықаралық валюта қорының Academic Fellowship бағдарламасына шақырылған он зерттеушінің құрамында (2024) болды.
Білімі:
2011 жылы Рочестер технологиялық институтын
(Нью-Йорк штаты, АҚШ) үздік бітіріп,
«Телекоммуникациялық инженерлік
технологиялар» және «Экономика»
бағыттары бойынша ғылым бакалавры
атанды. 2017 жылы Солтүстік-шығыс
университетінде (Бостон, АҚШ) экономика
бойынша Ph.D. дәрежесін алды.
Еңбек
жолы:
- 2017-2024
жылдары – Қазақстан-Британ техникалық
университетінің (ҚБТУ) Халықаралық
экономика мектебінің
ассистент-профессоры
-
2024-2026 жылдары
– ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің
қауымдастырылған профессоры (доцент)
Ғылыми
қызмет және жарияланымдары:
Біржан
Бақытбекұлы – Financial Review, Journal of Economic
Behavior & Organization, Information Economics and Policy және
Review of Industrial Organization секілді жетекші
халықаралық рецензияланатын журналдарда
жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы.
Оның зерттеулері қаржылық тұрақтылық,
үй шаруашылықтарының борыш жүктемесі,
өнеркәсіпті ұйымдастыру және экономиканың
дамуы, соның ішінде ауыл-аймақтарды
дамыту мәселелерін қамтиды. ылыми
еңбектерінің бірі Шығыс қаржы
қауымдастығының (АҚШ, 2024) Best Paper Award
халықаралық лайық деп танылды.