2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция қаңтардағы 12,2%-пен салыстырғанда 11,7%-ке дейін баяулады. Ел өңірлерінде бағаның өсуіне байланысты жағдайды қарастырайық.
Жылдық
мәнде (2026 ж. ақпан) бағаның ең жоғары
өсуі
Солтүстік Қазақстан облысында (14,0%),
Ұлытау облысында (13,5%), Павлодар (13,2%)
және Ақмола облыстарында (13,1%) байқалады.
Өңірлердің
көпшілігінде инфляция 2026 жылдың ақпанында
2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда
жеделдеді. Ең жоғары өсім Павлодар
(7,9%-тен 13,2%-ке дейін), Алматы (7,4%-тен
12,3%-ке дейін) және Түркістан (8,1%-тен
12,9%-ке дейін) облыстарында тіркелді.
Бұл ретте Астана
қаласында инфляцияның
12,7%-тен 9,7%-ке дейін төмендеуі байқалады.
Сондай-ақ, 2026 жылы инфляцияның ең төмен
деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан
облыстарында тіркелді (әр облыста
11,0%-тен).
