Қазақстан экономикасының кеңістіктік құрылымы неғұрлым айқын агломерациялық сипатқа ие болып барады. Алматы мен Астана сияқты ірі қалалар қосылған құнды қалыптастырудың, инвестициялар және жұмыспен қамтудың негізгі орталықтары ретінде бекітіліп, экономикалық қызметтің жоғары өнімді түрлерін біртіндеп шоғырландырады.
2024
жылдың қорытындысы бойынша Алматының
үлесіне ел ЖІӨ-нің 22,9%-і, ал Астананың
үлесіне 11,0%-і тиесілі. Осылайша, екі қала
ұлттық экономиканың 33,9%-ін қалыптастырады,
ал 2010 жылы олардың жиынтық үлесі 26,1%-ке
жеткен.
Басқаша
айтқанда, Қазақстанда қалыптасатын
әрбір үшінші теңге екі агломерация
орталығында өндіріледі.
2024 жылы жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орташа республикалық көрсеткіші 6,78 млн теңгені құрағанда Алматыда бұл көрсеткіш 13,84 млн теңгеге, ал Астанада 10,17 млн теңгеге жетіп, бұл қалалар мұнай-газ өңірлерінен кейін екінші орында тұрған ел көшбасшыларының қатарына кіреді.
Салыстыру
үшін: Түркістан облысында 2,18 млн теңге,
Жамбыл облысында 2,58 млн теңге, Жетісу
облысында 3,2 млн теңге.
Астана
мен Алматы – қаржы тартудың негізгі
орталықтары.
Негізгі
капиталға салынған инвестициялар
құрылымында Астананың үлесі 11,9%, Алматының
үлесі 11,0%. Бұл ретте екі қала да
инвестициялық белсенділіктің жоғары
өсу қарқынын көрсетеді.
Бұл
ірі қалаларда ағымдағы өнім ғана емес,
болашақ экономикалық даму қарқыны да
қалыптасып жатқанын білдіреді.
Экономиканың
шоғырлануы екі қаланың еңбек нарығындағы
рөлінің күшеюімен қатар жүреді.
Алматы
мен Астана қалаларында жоғары ақы
төленетін жұмыс орындарының едәуір
бөлігін шоғырланған, осында білікті
кадрларға негізгі сұраныс қалыптасады,
бұл қалалар ішкі көші-қон орталықтары
болып келеді. Мұндағы жұмыспен қамтудың
өсуі, ең алдымен, қаржы секторының, сауда
мен логистиканың, кәсіби қызметтердің,
құрылыстың, IT және креативті экономиканың
кеңеюімен байланысты.
Нәтижесінде
адами капиталды ірі қалалардың пайдасына
қайта бөлудің тұрақты моделі қалыптасады.
Алматы
мен Астана Қазақстанның экономикалық
өсуінің басты орталықтары мәртебесінде
түпкілікті бекітілді. Олардың үлесі –
ЖІӨ-нің үштен бірінен астамы, инвестицияның
төрттен бір бөлігі, ең жоғары еңбек
өнімділігі,
Бұл
агломерациялар, адами капитал және
қызмет көрсету секторы шешуші рөл
атқаратын модельге көшу сияқты
экономиканың терең құрылымдық
трансформациясының индикаторы.
Жетекші
ғылыми қызметкер
Матаев
Ғабит