Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Жария парасаттылық жөніндегі кеңесінің ұсынымына (OECD Recommendation on Public Integrity) қосылуы ЭЫДҰ стандарттарымен жақындастыруда және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға арналған стратегиялық бағдарды іске асыруда маңызды институционалдық қадам болды.
Бұл
құқықтық құралды ЭЫДҰ Кеңесі 2017
жылғы 26 қаңтарда
қабылдады және ЭЫДҰ деңгейінде алғаш
рет қоғамдық парасаттылық саясатын
қалыптастыруға тұтас, жүйелі және
тәуекелге бағдарланған тәсілді бекіте
отырып, мемлекеттік қызметтегі әдепті
тәртіпті жақсарту жөніндегі 1998 жылғы
ұсынымды алмастырды.
Құжат
өзара байланысты үш блокқа біріктірілген
13 ұсынымды (қағидатты)
қамтиды:
-
тұтас адалдық жүйесін қалыптастыру;
-
әдеп мәдениетін дамыту және мүдделер
қақтығысының алдын алу;
-
ішкі бақылаудың тиімді тетіктерін
енгізу арқылы есептілік пен ашықтықты
қамтамасыз ету.
Осы
құрал шеңберінде ЭЫДҰ-ға
мүше 38 мемлекет,
сондай-ақ Аргентина (23.06.2020),
Перу (23.06.2020),
Марокко (17.01.2025)
және Қазақстанды (17.02.2026) қоса алғанда
серіктес елдер қатысады.
Аталған
мемлекеттердің тәжірибесі қосылу
процесі ауқымды институционалдық
реформалармен қатар жүргенін көрсетеді.
Мысалы,
Аргентинада
аталған құралға қосылу электрондық
сатып алу жүйесінің ашықтығы мен дамуын
қамтамасыз ету, активтерді декларациялау
тетіктерін жетілдіру және Oficina
Anticorrupción сыбайлас
жемқорлыққа қарсы органының рөлін
күшейту жөніндегі ұлттық стратегияны
іске асырудың жалғасы болды. Бұл қадамдар
бюджеттік рәсімдердің ашықтығын
арттыруға және халықаралық инвесторлардың
сенімін нығайтуға ықпал етті.
Перуде
құралға қосылуға дайындық мүдделер
қақтығысын басқару жүйесін реформалауды,
атқарушы органдарда міндетті комплаенс
бағдарламаларын енгізуді және Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
ұлттық комиссия шеңберінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаттың үйлестірілуін
күшейтуді қамтыды; бұл шаралар ЭЫДҰ-ның
Перудағы парасаттылық жөніндегі шолуында
көрініс тапты.
Мароккода
құралға
қосылу процесі Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі 2015-2025 жылғы ұлттық
стратегияны іске асырумен, мүдделер
қақтығысын болдырмау жөніндегі
мамандандырылған тетіктерді құрумен
және ашық деректердің цифрлық
платформаларын дамытумен қатар жүрді;
тиісті шаралар ЭЫДҰ мониторингтік
есептерінде көрініс тапты.
Халықаралық
практика жиынтығында ЭЫДҰ стандарттарын
жария парасаттылық бойынша бейімдеу
реттеушілік белгісіздікті төмендетуге,
инвестициялық ахуалды нығайтуға және
болжамды институционалдық ортаны
қалыптастыруға ықпал ететінін растайды.
Қазақстан
Республикасында ұлттық жүйені Ұсыным
ережелеріне сәйкестікке келтіру
жөніндегі жұмыс кезең-кезеңімен
жүргізілді және кешенді сипатта болды.
Қосылу рәсімі шеңберінде ұлттық заңнама
мен институционалдық практикаға
Ұсынымның 13
қағидаттарымен
салыстырмалы талдау жүргізілді, бұл
ЭЫДҰ-ның құқықтық құралдарына қосылудың
стандартты рәсіміне сәйкес келеді.
2022-2024 жылдары сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді,
кірістер мен активтерді жалпыға бірдей
декларациялау тетіктері кеңейтілді,
ішкі мемлекеттік аудит функциялары
күшейтілді, мемлекеттік органдардың
қызметінде тәуекел-менеджмент элементтері
енгізілді. Мемлекеттік органдардың
ресми дерегіне сәйкес, мемлекеттік
қызметтерді цифрландыру деңгейі 90%-тен
асты,
бұл процестерді цифрландыру және ашық
деректерді дамыту арқылы сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін төмендету
жөніндегі ЭЫДҰ тәсілдеріне сәйкес
келеді.
Негізгі
кезең - 2025 жылы халықаралық сарапшылардың
қатысуымен дайындалған Қазақстандағы
парасаттылық мәселелері бойынша ЭЫДҰ
шолуын (OECD
Integrity Review of Kazakhstan) жариялау болып табылады. Бұл шолуда
ұлттық жүйені кешенді талдау ұсынылды
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа
жауапты институттар арасындағы
үйлестіруді күшейтуді, мүдделер
қақтығысын басқару тетіктерін жетілдіруді,
активтерді декларациялау жүйесін
дамытуды және сыбайлас жемқорлық туралы
хабарлайтын адамдарды тиімді қорғауды
қамтамасыз етуді қоса алғанда, ұсынымдар
тұжырымдалды.
Норма шығару қызметінің ашықтығын
арттыруға, мүдделік белсенділікті
реттеуге және сайлау процестерінің
адалдығын нығайтуға ерекше назар
аударылды.
Қазақстанның
жария парасаттылық жөніндегі ұсынымға
қосылуын ресми растауды 2026
жылғы наурызда
ЭЫДҰ Бас хатшысы Матиас Корманн жария
парасаттылықты қамтамасыз етудің ұлттық
тетіктерін жан-жақты бағалау қорытындысы
бойынша жариялады. Қосылу Қазақстанның
ЭЫДҰ стандарттарын енгізу бойынша
міндеттемелерді қабылдауын бекітті
және мемлекеттік қызметті одан әрі
институционалдық нығайту, бюджеттік
процестердің ашықтығын арттыру және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты
инфрақұрылымды қалыптастыру құралы
ретінде қарастырылады.
Стратегиялық
перспективада ұсыным қағидаттарын іске
асыру мемлекеттік басқару сапасын ұзақ
мерзімді арттыруды, транзакциялық
шығындарды азайтуды және азаматтар мен
инвесторлар тарапынан сенімді нығайтуды
қамтамасыз етуге қабілетті, бұл елдің
тұрақты экономикалық дамуы мен халықаралық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
институционалдық алғышарт жасады.