2026 жылғы 6 наурызда Экономикалық зерттеулер институтында (бұдан әрі – Институт) Азия даму банкінің Қазақстанды өнеркәсіптік және теңіз секторларының азайту қиынға соғатын шығарындыларын көміртексіздендіру бойынша техникалық көмек көрсету бағдарламасына қосу жөніндегі консультативтік миссиясымен Институт өкілдерінің кездесуі өтті.
Азия
даму банкі
атынан Меутия Чаэрани ханым, Эмануэле
Бьанко, Кенжехан Әбуов қатысты.
Кездесуді
Институттың Басқарма төрағасының
орынбасары Е. И. Таутенов сәлемдесу
сөзімен бастады.
Кездесу
барысында тараптар Қазақстан
Республикасының көміртегі бейтараптығына
қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі
стратегиясының Жол картасына, өнеркәсіпті
көміртексіздендіру жөніндегі шараларда
қол жеткізілген прогреске, әрі қарай
техникалық бағалау үшін талдамалық
кемшіліктер мен басым салаларға,
сондай-ақ білім алмасу үшін әлеуетті
салаларға қатысты мәселелерді талқылады.
Институттың
Климаттың өзгеруі орталығының директоры
Насирхан Р. ЖЭК-ке көшу кезінде
шығарындыларды азайту мониторингінің
әдіснамасы мен көміртексіздендіру
жөніндегі іс-шараларға СВАМ тетігін
байланыстыру қажеттігін атап өтті.
Меутия
Чаэрани мен Эмануэле Бьанко климаттық
қаржыландыруды тарту мәселелері туралы
айтты.
Кездесу
соңында қатысушылар талқылаудың
маңыздылығына тоқталып, мүдделі
тараптардың одан әрі өзара іс-қимыл
жасау қажеттігін атап өтті.
