Бүгін Қазақстан әлемдік экономикадағы өз рөлін кезең-кезеңімен нығайтып, кеңейтіп жатыр. Біріншіден, ел сыртқы саудада мықты позицияларын сақтап отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы тауар айналымы 143,9 млрд АҚШ долларына, ал экспорт 79,0 млрд АҚШ долларына жетті. Экспорттың 50,5%-тен астамы мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі, бұл жаһандық нарықта Қазақстанның шикізат ресурстарының басты жеткізушілерінің бірі ретіндегі маңызын растайды. Бұл ретте біз қазіргі позициялардың сақталуы туралы ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті одан әрі нығайту, оның ішінде ірі мұнай жобаларын кеңейту және өндірістік мүмкіндіктерді арттыру туралы айтып отырмыз.
Екіншіден,
Қазақстан негізгі транзиттік
және логистикалық торап
ретінде рөлін күшейтеді. Бұл әсіресе
халықаралық жеткізу тізбегінің
трансформациясы және Азия
мен Еуропа арасындағы сенімді құрлық
маршруттарына
сұраныстың артуы жағдайында аса маңызды.
2026 жылдың ақпанында Дүниежүзілік банк
Орта дәліз бойынша ірі теміржол жобасына
1,41 млрд АҚШ долларын тарту үшін 846
млн АҚШ долларына кепілдікті мақұлдады
. Бұл
халықаралық институттар Қазақстанды
Еуразиялық көлік архитектурасының
стратегиялық маңызды буыны ретінде
қарастыратынын көрсетеді. Басқаша
айтқанда, ел шикізатты экспорттаушы
ретінде ғана емес, сонымен қатар
халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық
платформа ретінде де өз позициясын
нығайтып жатыр.
Үшіншіден,
Қазақстанның әлемдік экономикадағы
рөлін күшейтудің маңызды факторы –
оның макроэкономикалық
тұрақтылығы.
2026 жылдың ақпан айының соңында Ұлттық
қордың активтерін қоса алғанда, елдің
жиынтық
халықаралық резервтері
139,1
млрд АҚШ долларына
жетті. Бұл Қазақстанға сыртқы тұрақсыздық
кезеңдерінен сенімді өтуге, жаһандық
күйзелістердің әсерін азайтуға және
сыртқы әріптестер мен инвесторлар үшін
болжамдылықты сақтауға мүмкіндік
беретін елеулі қаржылық
қолдау.
Дәл осындай қауіпсіздік қорының болуы
Қазақстанды әлемдік экономиканың
тұрақты және сенімді қатысушысы ретінде
қабылдануын нығайтады.
Таяу
Шығыстағы шиеленіс жағдайында да
Қазақстан жаһандық
күйзелістерге бейімделу қабілетін
көрсетіп отыр. Әлемдік экономика үшін
мұндай дағдарыстар мұнай бағасының
өсуін, логистиканың қымбаттауын, отын
құнына қысымды және іскерлік белсенділіктің
баяулау тәуекелдерін білдіреді. Қазақстан
үшін бұл да белгілі бір сын-қатерлер
туғызады. Алайда, экспорттың едәуір
көлемі, жинақталған резервтердің болуы
және халықаралық саудадағы стратегиялық
рөлі сыртқы әсерлерді жеңілдетіп қана
қоймай, әлемдік нарықтарда тұрақты
қатысуды сақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша,
Қазақстан әлемдік экономикадағы
позицияны жағдайға байланысты емес
емес, жүйелі түрде нығайтады. Ел
ресурстарды жеткізуші, транзиттік хаб
және жаһандық турбуленттілік жағдайында
тұрақтылықты сақтауға қабілетті
экономика ретінде өз рөлін кеңейтіп
жатыр. Осы факторлардың үйлесімі
Қазақстанның әлемдік экономикалық
жүйенің қатысушысы ретінде маңыздылығын
арттырады.
Әділжан
Мұстафин
Экономикалық зерттеулер
институты Әлемдік экономиканы зерттеу
орталығының сарапшысы