Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы № 75 бұйрығымен Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды.
Моноқалалар
тізбесіне енгізілген өзгерістерді
ескере отырып, олардың Қазақстандағы
жалпы саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.
Жаңартылған тізімге Абай, Ақсай, Ақсу,
Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара,
Лисаков, Қаражал, Кентау, Құлсары,
Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев,
Степногорск, Теміртау, Шахтинск және
Хромтау кіреді.
Бұрыннан
еліміздің ірі энергетикалық және
өнеркәсіптік орталығы ретінде қалыптасқан
Екібастұз кейінгі жылдары экономиканың
тұрақты өзгеруін және әртараптандыру
саясатының табысты іске асырылуын
көрсетеді.
Бұрын
экономикалық трансформация кезеңінен
өткен Саран қаласына ұқсас, Екібастұз
дамудың дәстүрлі моноөнеркәсіптік
моделінің шеңберінен шығып, өзінің
өндірістік мамандануын біртіндеп
кеңейтіп жатыр.
Қазір
экономиканың түрлі салаларында жалпы
сомасы 6,2 трлн теңгеден асатын 18
инвестициялық жоба іске асырылып, 7
мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға
мүмкіндік береді.
Индустриялық
аймақта 3 мыңға жуық жұмыс орнын ашып,
жалпы құны 291 млрд теңге ферроқорытпалар,
темір және болат өндіретін үш металлургиялық
кәсіпорын салу жоспарланып отыр.
Инвестиция көлемі 120,2 млрд теңге және
шамамен 1,15 мың жұмыс орны болатын
ферросилиций шығару бойынша екі жоба,
сондай-ақ құны 73,2 млрд теңге темір жол
кластері шеңберінде 570 жұмыс орнын
құруды көздейтін ұста-бандаж кешенін
салу жобасы қатар іске асырылып жатыр.
Бұл
жобалардың іске асырылуы жаңа индустриялық
базаны қалыптастыруға және қаланың
экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға
ықпал етеді.
Екібастұздың
тәжірибесі көрсеткендей, жүйелі
мемлекеттік қолдау және белсенді
инвестициялық саясат кезінде тіпті
индустриялық моноқалалар да монобейінді
модельдің шектеулерін еңсеріп,
экономикалық дамудың тұрақты негізін
қалыптастыра алады.