Ресей Қазақстанның сыртқы саудасының 19%-ін қамтамасыз етеді

26.03.2026

Ресей елдің сыртқы саудасының жалпы көлемінің 19%-ін қамтамасыз етіп, Қазақстанның сауда серіктестері арасында екінші орында тұр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің өзара саудасы 27,4 млрд АҚШ долларға жетті (2024 жылға қарай -2,7%). Бұл ретте Қазақстанның экспорты 8,1 млрд АҚШ долларға дейін төмендеді (-14,8%), ал Ресейден импорт 19,2 млрд АҚШ долларға ұлғайды (+3,5%).

Қазақстанның Ресейге негізгі 5 экспорттық тауарына мыналар кіреді:

  • уран - 1,2 млрд АҚШ доллары (14,7% үлесімен);

  • қоспасыз болаттан жасалған жалпақ металл прокат-479,8 млн АҚШ доллары (13,0%);

  • алюминий оксидтері мен гидроксидтері - 341,8 млн АҚШ доллары (4,2%);

  • темір кендері мен концентраттары - 300,1 млн АҚШ доллары (3,7%);

  • өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын - 284,5 млн АҚШ доллары (3,5%).

Қазақстанның Ресейден импортталатын негізгі 5 тауарына мыналар кіреді:

  • табиғи газ - 841,6 млн АҚШ доллары (4,4% үлесімен);

  • өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын - 752,7 млн АҚШ доллары (3,9%);

  • мұнай өнімдері - 703,1 млн АҚШ доллары (3,7%);

  • қоспасыз болаттан жасалған шыбықтар - 534,1 млн АҚШ доллары (2,8%);

  • төсек жабдығы, асхана, дәретхана және ас үй-417,9 млн АҚШ доллары (2,2%).

Ресей тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемінің 14,4%-ін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның ірі инвестор елдері арасында үшінші орында тұр.

Кейінгі он жылда (2015 жылдан бастап 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке дейін) Ресейден Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының жиынтық ағыны 28,5 млрд АҚШ долларына жетті.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ресейден Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағыны 14,8 млн АҚШ долларын құрады (2024 жылғы ұқсас кезеңге -28,0%).

Анықтамалық: Ресей мен Қазақстан жалпы құны шамамен 53 млрд долларға 170-тен астам бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде, негізгісі Орталық Азияда 2035-2036 жылдары іске қосу жоспарланып отырған алғашқы атом электр станциясының құрылысы. Бұдан басқа, өнеркәсіпте Қостанайдағы автозауыт, Саран қаласындағы шиналар өндірісі және тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындарды қоса алғанда, шамамен 33 млрд доллар сомасына 75 жоба іске асырылады.



Қарау саны: 109
Сақталған: 26.03.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!